astana-view

«Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-тренерлеріне арналған оқу басталды

2019 жылғы 05 Маусым
7003 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» білім беру жобасына бизнес-тренерлердің алғашқы легін оқытуды бастады

Келіп түскен 200-ден астам өтінім ішінен тәжірибе бөлісу, жастарға бизнес жүргізудің қыр-сырын, сондай-ақ заңгерлік және экономикалық сауаттылықты үйретуге дайын  25 үміткер іріктелді. Тренинг бизнес-тренерлер қорын қалыптастырып, олардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.

 Бір апта бойы бизнес-тренерлерге арнап кәсіпкерлік негіздері, тайм-менеджмент, стресс-менеджмент, жобалық менеджмент, шешендік өнер, маркетинг, құқықтық және қаржылық аспектілеріне қатысты бизнес негіздері, бухгалтерлік есептілік бойынша семинарлар өткізіледі. Демек, бизнес-тренер болашақ тыңдаушыға бизнесті жүргізу машықтарын игеріп, кейін жеке кәсіп құру, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесуі керек.

 Жобаның бизнес-тренері болу үшін cvbastau@gmail.com электронды мекенжайға жеке түйіндемені жіберу жеткілікті.

Естеріңізге салсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған  «Жас кәсіпкер» білім беру жобасын іске қоспақ.

 Бизнес-тренердің міндеті қандай?

-жастарды кәсіпкерлік негіздеріне және бизнесті жүргізуге оқыту және кеңес беру;

-қаржыландыруға қол жеткізу, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары бойынша қаржылынадыруды алуға көмектесу;

-қаржыландыру алынған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер