astana-view

«Атамекенде» металл сынықтарын жинау және өткізу саласындағы қызметті жетілдіру мүмкіндіктері қаралды

2019 жылғы 11 Маусым
1745 просмотров

Қазақстанда ашық қалған кәріз құдықтардың салдарынан жарақаттар мен өлім-жітім көрсеткіштері артты

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында металл сынықтарын жинау, сақтау және өткізу саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдірудің әдістері мен тәсілдері талқыланды.

 «Бүгінде құдық қақпақтары және суағар торларын ғана емес, сондай-ақ металдан жасалған басқа да бұйымдарды ұрлау үлкен проблемаға айналды. Тіпті мазар қоршауларын, сымдар, кабельдерді ұрлау оқиғалары да тіркелген, ал электр кабельдерін жұлу – өмірге қауіпті екені белгілі. Аталған аспектіде реттеу шараларын, проблеманы шешудің нақты механизмін әзірлеу қажет», – деді ҚР ІІД Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мұхитов.

«Қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы» қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру арқылы мәселе шешіледі деген ойда. Қазіргі таңда елде жыл сайын 3,5 млн тонна металл сынығы жиналады, оның 80%-ын жеке тұлғалар өткізеді. Нарықта ешкім бақыламайтын кәсіпорындарының пайда болуы түрлі кері жағдайларға әкеп соғады, демек аталған саланы реттеу – бұрын қолданыста болған лицензиялауды қайтару керек. Мәселен, 2016 жылы металл сынықтарын қабылдап, оған тиісті тауарлық өңдеумен  айналысқан 150 кәсіпорын болған. Кәсіпорындардың барлығы біліктілік талаптарға сәйкес жұмыс істеп, лицензияға ие болатын, ал лицензиялау алынып тасталған соң кәсіпорындар саны 150 бірліктен 2000 бірлікке дейін күрт өскен.

 Оралдық  «Жайық Полимер» ЖШС жетекшісі Жанат Қушанов құдықтарға арналған темір қақпақтарды полимер қақпақтарға ауыстыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл шара қақпақтардың ұрлануын қысқартып, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені полимер қақпақтары темір қақпақтардан гөрі 50%-ға арзан.

 Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қарасты Қара метталлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының жетекшісі Жанат Игісінов лицензиялау жауапты қадам,  оны жуық арада енгізу мүмкін еместігін айтты. Алайда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне түрлі-түсті және қара металдарды жинау, сақтау, өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты біліктілікке талапты белгілеу, есептіліктің формалары мен тәртібін  анықтау бойынша құзыретті беру ұсынылған.

 «Өкінішке қарай, әзірге салық кодексіне талаптар ғана енгізілді. Алайда бұл шара металды заңды жинауды 30%-ға арттыруға мүмкіндік берді», – деп атап өтті Владимир Дворецкий. 

 «Қолданыстағы заңнамаға металл сынықтарын өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге арнап міндетті зейнетақылық төлемдер, медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты өзгертулерді, бұдан бөлек металл сынықтарын тауар биржаларында сатуды енгізуді қарастыру қажет», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

 Аталған мәселені қарау барысында сондай-ақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдерімен қатар, біліктілік талаптарын әзірлеуге салалық қауымдастықтарды тартудың орындылығы айтылды, өйткені сәйкестікті бағалауды тікелей нарықтың өзі беруі тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер