astana-view

Қуаныш Бишімов «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2019 жылғы 14 Маусым
5025 просмотров

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағалығына Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Нұрмұхамбет Әбдібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Қуаныш Бишімов 1972 жылы 2 қаңтарда Қарағанды облысында туған. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтты «инженер-механик» мамандығы  бойынша аяқтады, 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиетті «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған

Еңбек жолын 1994 жылдан Техникалық бақылау бөлімінің механик-инспекторы, Қарағанды №3 автобус паркінің диспетчері болып бастаған.

 Көп жылдар бойы кеден органдары, ҚР Экономика және сауда министрлігі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бөлімдерінде қызмет атқарған.

 2003-2005 жылдар аралығында «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Қорғаныс өндірісі департаментінің директоры, Жобаларды басқару және техникалық дамыту департаментінің директоры болды.

 2005-2017 жылдар аралығында «Тыныс» АҚ бас директоры, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.

 2017 жыл желтоқсан айынан бастап 2019 жыл маусым айына дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер