astana-view

Мороккодан келген сарапшы қонақүй бизнесі негіздерін қостанайлық кәсіпкерлерге оқытады

2019 жылғы 18 Маусым
- Қостанай облысы
4197 просмотров

Закария Тамни – Касабланкада туған, Калифорнияда оқыған.

Закарияны Қазақстанмен көп нәрсе байланыстырады, оның жары Қостанайда туған. Сондықтан қостанайлық қонақүй кешенінде «Аға сеньорлар» жобасы шеңберінде жұмыс істеу туралы ұсынысты қуана қабылдады.

Алғаш рет ресепшен тұрағына Закария Тамни 16 жасында тұрған. Қазір ол іскерлік қонақүй менеджменті әкімшіліктендірудің магистрі дәрежесін алған маман. Закарияның жұмысы ол бөтен қонақүйлерге өз заңымен келеді. Дәйекті сынға: сервистен бастап, күрделі ішкі бизнес-процестерге дейін барлығы ұшырайды. Осындай миссиямен сарапшы «Золотой Фазан» қонақүй кешеніне келді.

«Қазақстандық қонақүйлердің ерекшелігімен таныстым. Мен алматылық Rixos Hotel Almaty және «Лесная сказка» қонақүйлерінде жұмыс істегенмін. Былтыр қостанайлық Fessla ойын-сауық кешеніне кеңесші ретінде келдім. Айта кету керек, Қостанайды өзіндік ерекшелік қалыптастқан. Мында білікті мамандарға: аспаз, бөлме жинаушы, даяшыларға деген тапшылық үлкен. Адамдар бұл салада жұмыс істегісі келмейді. Негізінен аудандардан студенттер келеді, олар ұзақ жұмыс  істемейді. Бұл жайт тұрақты команданы құруға кедергі», – деді Закария Тамни.

Тұрақты команда болса бұл кез келген қонақүй бизнесінің іргетасы, деп санайды сарапшы. «Сізге шай әкелід ме?» деп сұраған қонақүй клиентсіз қалмайды.

 «Золотой Фазан» қонақүйінің директоры Галина Шнайдер осы проблемамен үнемі нәтиіжесіз күресіп келеді. Дипломы бар мамандар жоқтың қасы, ал қалғандары, негізінен, студенттер – келеді де кетеді.

  «Сервис бізде ғана емес, барлық жерде кенжелеп тұр. Өйткені даяшы мамандығы мамандыққа саналмайды, ол қосымша табыс, уақытша табыс ретінде қалыптасқан. Біз жаңа келген жастарды оқытып үлгермейміз, өйткені тез кетіп қалады», – дейді Галина Шнайдер.

 Екі апталық семинарда Закария Тамни қонақүйді кәсіби мамандармен қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Бірақ маман менеджмент жүйесінің толық жаңаруына кепілдік береді. Қай жерде қаражат пен уақытты үнемдеуге болатынын айтады. Ал уақыт пен қаржы шығыны кәсіпкер үшін маңызды.

  «Мемлекет қолдауын қашанда қолдануға тырысамын. «Аға сеньорлар» жобасына қатысу соған дәлел. Бұл кеңістікті кеңейту, бизнесті жетілдіру, олқылықтарды адып тастаудың жақсы мүмкіндігі», – дейді бизнес-ханым.

 Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Баян Жұмағаұлованың айтуынша, шетелдік сарапшыны экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шақыра алады.  Биыл Қостанай облысында «Аға сеньор» жобасына қатысуға 12 өтінім түсті. Закария Тамниден бөлек, Қостанайда миссиямен француздық сарапшы Клод Менар келді, ол өз әріптестерін «Астам» мейрамханасында оқытады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер