astana-view

Алматыда «Іскерлік байланыс» жобасы басталды

2019 жылғы 09 Шілде
- Алматы қаласы
2286 просмотров

8 шілдеде Алматыда шағын және орта бизнес өкілдерінің жоғары және орта буын жетекшілеріне арналған «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші легі басталды

Үш апталық оқу шеңберінде қатысушылар бизнес-тренингтерді өтіп, басқарушылық сапасын, бизнес жобалау, тайм-менеджмент келіссөздер технологиясы, біліктілікті жақсарту, халықаралық ынтымақтастық бизнес-жоспарды әзірлеуге қажетті тиімді презентациялар, кәсіпорынның шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен дамыту саласы бойынша дағдылар мен білім алады.

Жобының басты мақсаты шағын және орта бизнес субъектілерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.

Жоба аясында 80-нен астам алматылық кәсіпкер қатысуға ниет  білдірді. «Атамекен» ҰКП қолдауымен олар бизнесті жүргізудің заманауи әдістері туралы ақпараттандырылады. Аталған қызметтер қатысушыларға тегін түрде көрсетілетін болады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Іскерлік байланыс» жобасы, біздің кәсіпкерлерге осындай мүмкіндіктерді беруде.

«Іскерлік байланыс» жобасының қатысушылары өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буынының басшылары бола алады.

Бүгін «Іскерлік байланыс» жобасының қатысушылар тобы оқуды бастады. Мұнда тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен кәсіпкерлікті, маркетингті жүргізудің, сондай-ақ бизнес-серіктестермен іскерлік байланыстар орнатудың қазіргі заманауи әдістері зерделенетін болады. Оқыту 26 шілдеге дейін жалғасады.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар ҚБТУ және «Атамекен» ҚР ҰКП-нан курстарды сәтті аяқтағаны туралы сертификат алады және кейіннен Германияға бару үшін бағдарламаның 2-ші кезеңін байқаулық іріктеуге қатыса алады. Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады және қатысушылардың бизнес-біліктілігін арттыруды қамтиды. Осы бизнес-тренингтерге қатысудың нәтижесінде кәсіпкерлер екі негізгі бөлім бойынша дағдыларды алады: басқару құзыреті және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы білім.

Екінші кезең Германияға тегін түрде төрт апталық тақырыптық бизнес-тағылымдаманы және технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу, франшизалар мен лицензиялар сатып алу, халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу, бірлескен кәсіпорындар құру сияқты бағыттар бойынша шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігін қарастырады. Яғни, жергілікті кәсіпкерлер үшін бұл өз бизнесін дамытуға қадам басудың үлкен мүмкіндігі.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына хабарласыңыздар: Қасымбек Гүлжан 8 (7272) 331 01 33 ішкі байланыс (816)

Байланыс орталығы кез келген қаладан: 1432 және Қазақстан бойынша: 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер