astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жаңа технологиялар комитеті екінші отырысын өткізді

2014 жылғы 17 Сәуір
8093 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жаңа технологиялар комитеті Комитеттің Төрағасы Шавкат Сабировтың басшылығымен 2-отырысын өткізді.

Шавкат Сабиров атап кеткендей, Комитет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және «жасыл экономиканы» дамыту саласындағы міндеттер мен күрделі мәселелерді шешу үшін тиімді алаңға айналуға тиіс.

Отырыс барысында Комитет қызметін реттемелейтін негізгі құжаттардың жобалары мақұлданды: Комитеттің ережесі, реттемесі және 2014 жылға жұмыс жоспары.

Сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы», «Ақпараттандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары қарастырылды, ақпараттық-коммуникациялық саланың проблемалық мәселелері, соның ішінде әкімшілік кедергілер талқыланды.

Жаңа технологиялар комитетінің Хатшылығы «Экологиялық бауырлас бизнес» конкурсын және «ЭКСПО-2017» арналған конференцияны ұйымдастыруға қатысатынын айта кету керек. Бұл іс-шараларға қатысудың мақсаты – «жасыл» компаниялар мен жобаларды қалыптастыру, және де олардың «ЭКСПО-2017» құрамына кіргізілу мүмкіндігі.

Қазіргі уақытта Комитетте 27 қауымдастық аккредиттеуден өткен, қатысушылардың құрамы шамамен 40 мүшеден тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер