astana-view

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ұсынған 17 жоба инвесторларын тапты

2014 жылғы 18 Сәуір
7610 просмотров

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы Ксәіпкерлер палатасы «ОҚО 100 инвестициялық жобасы» көрмесінде ұсынған 17 жобаға инвесторлар қызығушылық танытты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева, деп мәлімдеді Palata.kz.

«ОҚО-дағы көшбасшы жобаларды анықтау және оларға инвесторлар іздеу бойынша орасан зор, әрі мейлінше ұқыпты жұмыс жасалғаны сезіледі. Әрине, бұған экономикалық көрсеткіштерге, аудандар әлеуетіне және өңірлердегі табиғи шикізат қорларына терең талдаудан соң қол жеткізілді. Мұнда, осы көрмеде, кәсіпкерлер және инвесторлар бір-бірін тапты деуге болады. Көріп отырғанымыздай, бүгін көрмеде ОҚО Кәсіпкерлер палатасы ұсынған көшбасшы 50 жобаның 17-сі инвесторлар қызығушылығын тудырды»,- деді Гүлнар Құрбанбаева.

Сонымен қатар көрме барысында көшбасшы жобалар бойынша бірқатар келісулер жасалғаны аталды, оларды жүзеге асыруға Палата Малайзия мен Ресейден инвесторлар тартты.

Атап айтқанда, Москворецкий Сауда үйі жергілікті кәсіпкерлермен біріге отырып Шымкентте өнімді Ресейде өткізетін нарығы бар ет комбинатын тұрғызуға ниетті.

Өз кезегінде, малайзиялық MARDITECH компаниясы ОҚО-да халықаралық деңгейдегі халал хаб құруды инвестициялайды.

Сонымен қатар, көрме жұмыс жасап тұрған уақытта өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, атап айтқанда, «КИРИ» АҚ, «КазЭкспортГарант», Аласио Капитал компанияларымен, ЕБРР банкімен. Қол қойылған құжаттарды қазақстандық өңделген экспортты дамыту және өркендетудің, Оңтүстік Қазақстан экономикасының басым шикізаттық емес секторларына шетелдік инвестициялар тартудың маңызды механизміне айналдыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта барлық жобаларды жүзеге асырудың үйлестірушісі болатын ОҚО Кәсіпкерлер палатасы компаниялар және инвесторлармен бірлескен әрекеттер жоспарын дайындауда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер