astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Халықаралық еңбек ұйымының техникалық жобасын даярлауға қатысуды жоспарлауда

2014 жылғы 22 Сәуір
6716 просмотров

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы Ұлттық Үйлестірушісі Талғат Өміржановпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Palata.kz.

Кездесу Қазақстанның осы ұйымға мүшелігі аясында ХЕҰ арадағы ынтымақтастықты белсендіруге бағытталды.

Нұржан Әлтаев қонаққа Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары туралы, әлеуметтік әріптестік мәселелеріндегі, жұмыспен қамтылу және еңбек қатынастары саласындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша жасалып жатқан әрекеттер туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тараптар әлеуметтік сұхбатты, қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды, кәсіпкерлікке оқытуды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайту мәселелерінен тұратын ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Ұлттық палатаның ХЕҰ техникалық жобасын жүзеге асыруына, соның ішінде жастарды жұмыспен қамту саласындағы әрекеттер Жоспарын дайындауға қатысу мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталды.

Тараптар бұл кездесудің Ұлттық палата мен ХЕҰ белсенді әріптестігі жолындағы тағы бір қадам боларына сенім білдірді.

ХЕҰ қызметі үш жақтылық қағидасы бойынша жүзеге асырылатынын, оған сәйкес кәсіпкерлер мен еңбек етушілер ұйымдарының өкілдері үкіметтер өкілдерімен бірдей мәртебеге ие болатындығын атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер