astana-view

Астанада аусыл бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюро кеңсесінің тұсауы кесілді

2014 жылғы 28 Сәуір
7677 просмотров

Батыс Еуразиядағы аусыл бойынша Жол картасының бесінші отырысы» аясында аусыл бойынша ХЭБ кеңсесі Қосалқы өңірлік Үйлестіру Кеңсесінің тұсаукесері өтті, ауруға шалдығу бойынша жаһандық және өңірлік жағдайға шолу жасалды.

Орта Азия, Таяу Шығыс елдері, посткеңестік елдердегі аусыл бойынша жағдай бүгінгі күні тұрақты түрде жағымсыз деп танылады. Қазақстандағы істің ауаны да – ең нашар қатарда емес. Грузия мен Әзербайжандағы жағдай аса алаңдатады. Бұл елдердегі мал дәрігерлік қызметтерді қаржыландырудың мардымсыздығы ХЭБ, ФАО, Дүниежүзілік банктің көмегіне ғана үміттенуге мәжбүрлейді.  Мал базарларында өткізу үшін Үндістан, Пәкістан, Ауғанстаннан малдар келіп жататын Иран мен Ирактағы жағдай да ауыр. Мал басының үлкен көлемінің келіп жатуы вакцинация жүргізуге ғана емес, жай ғана мал есебін жүргізуге де мүмкіндік бермейді.

Қырғызстанда да мал дәрігерлік тұрғысынан жақсы жаққа өзгеруге үміт жоқ. Көршілес ел қазіргі күні Қазақстан басып өткен қате жолды қайталауда. Атап айтқанда, онда мемлекеттік инспекция құрып, мал дәрігерлік қызметке рефрма жасаған, осылайша бақылау көлемі азайтылған. Өңірдегі жағдайдың күрделілігін мамандар дәл бағалайды. Сондықтан да семинарға 25 елден келген жүзден аса маман қатысты.

Сонымен қатар, еуропалық елдер посткеңестік елдердегі қауіпті аурулардың таралуына үреймен қарауда және Қазақстанды қандай да бір аралық аумақ ретінде бағалайды. Осыған оай, ХЭБ жоспары бойынша Астанада аусыл бойынша ХЭБ кеңсесінің Қосалқы өңірлік Үйлестіру Кеңсесі ашылды. Бұл оқиға «Батыс Еуразиядағы аусыл жөніндегі Жол картасының бесінші отырысына» орайластырылды. Үйлестіру кеңсесінің жұмысы аусылдың таралуына бақылауды күшейтуге; өңірлік деңгейде аурумен күрес бойынша бірыңғай стратегия мен ұстаным жасап шығуға; Орта азиялық өңір аумағында ынтымақтастық пен мал дәрігерлік қызметтердің ХЭБ өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп күш біріктіруін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Семинарда аусыл жөніндегі Прогрессивті бақылау бағдарламасын бағалау қағидалары мен процедуралары талқыланды.

Сонымен бірге форумда аусылдың түрлік және серотиптік вирусының таралуы туралы мәселе қарастырылды. Атап айтқанда вирустың белсенді түрде мутацияға ұшырап, батысқа қарай ұзаған сайын азиялық пішінінің таралып бара жатқаны аталып өтті. Яғни, мал дәрігерлік қызметтер вакцинаны мұқият таңдап, малдардың иммундық мәртебесін дұрыс қолдауға тиіс. Серологиялық (аусыл вирусының НСП антителасы, жүргізілген профилактикалық және арнайы іс-шаралар титрінің поствакциналдық шиеленісі) және вирусологиялық (вирустың генетикалық материалдарының индикациясы және репродуктивті вирусты ерекшелеу) мониторинг өте маңызды екендігі сөзсіз.

Сондай-ақ, семинарда республиканың оңтүстік өңірлеріндегі аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай шиеленісті болып қала беретіндігі атап өтілді, онда ауру эндемикалық сипат алуда. Бұл өңірде ауруға сезіктенгенде мал иелерінің мал дәрігерлік мамандарды уақытында ақпараттандырмау оқиғалары жиі кездеседі. Қазіргі уақытта бұл аурудың купирленбеген эпизоотиялық ошақтары болу ықтималдығы жоғары, және де аусылды алып келу және оны Қазақстан аумағына таратуды болдырмау мақсатында оңтүстік облыстар аумағын өңірлендіру жүргізілді – бұл Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары, және де Шығыс Қазақстан облысы, бұлар бүгінде мал аусылы бойынша аралық аумақ болып табылады. Оның үстіне 2013 жылдан бері елдің Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының аумағы аусылдан аман болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер