astana-view

«Қазфосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚР ҰКП жер телімін беру мәселесін шешуге жәрдемдескені үшін алғыс айтады

2014 жылғы 28 Сәуір
7503 просмотров

«Қазфосфат» ЖШС басшылығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың атына алғыс хат жолдады, онда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына компанияға жер телімін беру мәселесін шешуге жәрдемдескені үшін алғысын білдіреді.

Бұрынырақ «Қазфосфат» АҚ жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жер телімін алу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрап жүгінген болатын, оны Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының заңды күшіне енген 03.04.2013 жылғы №2э-1456/13 шешіміне қарамастан, ОҚО әкімшілігі ұзақ уақыт бойы бермей кешіктіріп келген болатын.

Қазіргі уақытта «Қазфосфат» ЖШС жер телімдері бөлініп берілген және компанияның құқық куәландырушы құжаттарды алуымен байланысты қалған ресми сәттер аяқталған соң өзінің өндірістік қызметіне зиянсыз кен орындарын бұдан арғы өңдеуді жалғастыруға барлық мүмкіншіліктері бар.

Хатта «мәселенің жағымды жаққа шешілуіне «Қазфофат» ЖШС ұстанымымен пікірлес бірқатар өкілетті мемлекеттік органдардың, соның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тарапынан қолдаудың арқасында қол жеткізілді» деп атап көрсетілген.

«Сіздің өзіңізге жеке және бизнес мүддесін қорғауға қабілетті, қызметкерлері кәсіпқойлық пен әрекет жылдамдығын көрсеткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жекелеп алғысымызды білдіреміз. «Қазфосфат» ЖШС Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы шешімді қабылдау мемлекет дамуындағы оның экономикалық негізін нығайтатын және бизнестің дамуына көмектесетін орынды және уақытылы оқиға болғанына сенімді», - деп жазылған хатта.

2014 жылғы наурызда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ОҚО Созақ ауданындағы Көксу кен орнын өңдеу кезінде бос аршылған жыныстар үйінділері мен кен қоймаларын орналастыруға жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жалпы ауданы 1600,61 га жер телімдерін ОҚО әкімшілігінің беруіне жәрдем көрсетуді сұрап жүгінгенін естеріңізге сала кетейік.

ОҚО МАЭС 03.04.2013 ж. «Қазфосфат» ЖШС пайдасына шешім шығарды. Бұл шешімнің ерікті тәртіпте орындалмауына орай атқарушы құжаттар 2014 ж. ақпанда ОҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаментке мәжбүрлеп орындатуға ұсынылады.

ҚР ҰКП әкімшілікке, Жер қатынастары басқармасына, ОҚО САОД, ҚР ӘМ САОК хаттар жолданды, сондай-ақ бұл өтінішті ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бақылауға алды.

ҚР ҰКП және ОҚО Кәсіпкерлер палатасы қолданған шаралардың нәтижесінде 18.04.2014 ж. ОҚО Созақ ауданының әкімі «Қазфосфат» ЖШС жер телімдерін беру туралы қаулыға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер