astana-view

Ұшқыштар Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелерін шешуде

2014 жылғы 30 Сәуір
7001 просмотров

Көлік, логистика және байланыс комитетінде 2014 жылға бекітілген жұмыс жоспарының тақырыптық мәселелері жөнінде кеңейтілген отырыстар өтті.

Азаматтық авиация бойынша шағын комитетте өткен кеңейтілген кеңеске шағын комитеттің мүшелері, Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің, ҚР Индустрия және сауда, Мұнай және газ, Сыртқы істер министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды зерттеу агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшылары, «Эйр Астана» АҚ, «SCAT» Әуекомпаниясы» ЖШС, «Қазәуенавигация» РМК, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлік одағы басшылары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен азаматтық саладағы басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңейтілген отырыста келесі мәселелер қарастырылды: Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Қазақстан Республикасы әуе тасымалы нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бәсекелестікті дамыту, авиациялық жанармайды қол жетімді және үздіксіз қамтамасыз ету, оның ішінде авиациялық жанармайды темір жол көлігімен тасымалдау арқылы тарифтерді төмендету, Қазақстан Республикасы мен туристік және инвестициялық қатынастар тығыз орнатылған елдер арасында визалық тәртіпті жеңілдету, халықаралық әуе бағыттарына байқауларды болдырмау, «E-freight» стандарты мен алдын-ала ақпараттандыруды енгізу, кедендік тасымалдау процедураларын жеңілдету (ақшаларды жою, яғни кеден бажы мен салықтарды төлеу туралы құжатты тапсыру), әуе тасымалы үшін бағаны Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бақылауынан шығару.

Кеңейтілген отырыстың қатысушылары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының диалогты алаңы ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тиімді шешім қабылдауға және пікір алмасуға белсене қатысты. Кейбір мәселелер бойынша кеңейтілген отырыстың қатысушылары келісілген шешімге келе алмады. Осылайша, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары шығаратын авиациялық керосиннің керек көлемге жетіспеуіне байланысты авиациялық жанармаймен қол жетімді және қажет көлемде қамту мәселесі бойынша балама нұсқаны байқау ұсынылды, оның ішінде ресейлік компанияларды, әлемдік ірі авиациялық жанармаймен жабдықтаушыларды тарту. Әуе тасымалы үшін бағаны Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бақылауынан шығару (бағыттарға шекті тарифтерді орнату) мәселесі бойынша салалық реттегішке өкілеттікті беру туралы қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды.

«E-freight» стандарты мен алдын-ала ақпараттандыруды енгізу, кедендік тасымалдау процедураларын жеңілдету (ақшаларды жою, яғни кеден бажы мен салықтарды төлеу туралы құжатты тапсыру) жөніндегі мәселер қазіргі кезде айрықша өзекті болып қалып отыр.

Кедендік бақылау комитетінің өкілдері осы мәселелердің барлығы қарастырылуда деп мәлімдеді, олардың шешімін қабылдау үшін қаржыландыру, нормативтік-құқықтық актілерді, соның ішінде Бірыңғай экономикалық одақ аясында да ретке келтіру қажет.

Кеңейтілген отырыстың қатысушыларының мәлімдеуінше, қарастырылып отырған мәселелердің шешімі отандық әуе тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ұшақ билеттерінің белгіленген құнын сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық азаматтардың отандық әуе компаниялардың ұшақтарымен ел ішінде де, шетелге де ұшу мүмкіндігін арттырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер