astana-view

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында құрылыс индустриясы дамуының проблемалы мәселелерін талқыға салды

2014 жылғы 30 Сәуір
7500 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев Ұлттық палатаның Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің жұмыс жиналысына қатысты, оған аккредиттелген салалық қауымдастықтар кіреді. 

Жиналыс барысында қазіргі құрылыс саласының алдында тұрған мәселелер көтерілді: нормативтік базаны реформалау, БЭК аясында техникалық реттеу, құрылыс материалдарындағы инновациялар, мемлекет пен жеке сектордың әрекеттестігі, ипотекалық кредит берудің қолжетімділігі, кадрлардың кәсіби даярлығы және басқалары.

Алайда, Құрылыс комитетінің басшысы Александр Беловичтің айтуынша, бүгінде құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер жеткілікті және олардың барлығы шешуді талап етеді. Ақпандағы девальвация ипотеканың қолжетімділігін ең өткір мәселелердің қатарына шығарды.

«Құрылыс компаниялары импортталатын ғана емес, отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарының да құнының бір сәтте көтерілуін бастан кешірді, бұл жасалған шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуына әсерін тигізді, - деді өз сөзінде Александр Белович, - Біз мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттар бойынша бағаларды қайта қарауға бюджеттік қаражат бөліну мүмкіндігі туралы құрылысшылар сұрауына жауап күтіп отырмыз. Үлескерлік құрылыс бойынша заңнамаға ұсыныстар бердік, ол қазіргі уақытта ҚР ҰКП келісуінде жатыр және аккредиттелген қауымдастықтар қарастыруда».

Жиналысқа қатысушылардың ойынша, құрылыс компаниялары бүгінде құрылыс саласының болашақтағы дамуы үшін бизнес пен мемлекеттің тығыз әрекеттестігі қажет екенін мойындайды. Нысандар тұрғызу және алдағы Халықаралық ЕХРО 2017 көрмесі үшін инфрақұрылым құру отандық құрылысшылар үшін қолдаудың маңызды шарасы болмақшы.  

«Қазақстанның құрылыс индустриясы жеткілікті мөлшерде қуатты, және де құрылыс компанияларының және инновациялық құрамдасы бар құрылыс материалдарын өндірушілердің  ЕХРО 2017 міндеттерін жүзеге асыруға ат салысуы отандық құрылыс саласының сапалы жаңа деңгейге шығуы үшін тағы да бір алғышарт болар еді.  ЕХРО-ға даярлық жобаларында қазақстандық мазмұнның барынша көп болуы үшін, қосымша қарастырулар қажет», - деп атап кетті ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев.

Жуық арада Ұлттық палатаның және «Астана ЕХРО-2017» компаниясының алдында Астанадағы Халықаралық мамандандырылған көрмені даярлау және өткізу бойынша іс-шараларға отандық бизнестің қатысу бағдарламасын бірлесіп даярлау мәселесі тұр.

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін индустриалдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығына қатысу айтарлықтай демеу болмақшы.

ҚР Өңірлік даму министрлігіне Өнеркәсіпті дамыту іс-шаралары жоспарына ұсыныстар жолданды: жобаларды кадрлық қамтамасыз ету бойынша, қаржылық қолдау бойынша, әкімшілік кедергілерді жою бойынша, құрылыс материалдарын өндіруде салықтық ынталандыру шаралары бойынша.

Құрылыс индустриясын дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді жақын арада Премьер-Министрдің талқылауына шығару жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер