astana-view

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Маңғыстау облысы Өңірлік кеңесінің жұмысын атап өтті

2014 жылғы 31 Мамыр
4354 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев   Ақтау қаласында орналасқан болат құю зауыты және битум өндірісі кәсіпорындарының жұмысымен танысып, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы  және Өңірлік кеңес мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді.   Аталған кездесуге өңір басшысы Алик Айдарбаев  қатысты.

«Өңірлік кеңес, дирекцияның жұмысы  өңірде бизнестің ортақ ұстанымын әзірлеуге бағытталған.  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес мүддесін білдіретінін және қорғайтынын  жергілікті атқарушы органдар түсінуі қажет.  Оған қажетті барлық инструменттер, айтар болсақ Бас прокуратурамен, қаржы полициясымен өзара келісімдер бар», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы  кәсіпкерлер үшін әрдайым өзекті тақырып  болып табылатын қаржыландырудың  қолжетімділігі тақырыбына да тоқтала өтті.  Жер қойнауын сатып алушылар  мен мемлекеттік сатып алуларға қатысты жұмыс  өңірлік бизнес-қоғамдастық  үшін елеулі қолдау болып табылады.

«Мемлекеттік сатып алулар  Ұлттық палата мен  Үкімет қол қоятын құжаттармен реттеледі.  Жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты айтар болсақ, кеше Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен меморандумға қол қойып, офсеттік саясат бойынша тұрақты әрекет ететін орган құруға келістік, яғни  Қазақстанда өндірістерді бейімдеу»,- деп атап өтті  Тимур Құлыбаев. – Сатып алулар жүйесінің  жергілікті компанияларға  қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз.  Өңірлік кеңес және дирекция өкілдері  комиссиялар құрамында болып, тендерлердің айқындығын қамтамасыз ететін болады», - деді  ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.  

Мемлекеттік органдармен  жасалынған ұзақ мерзімді  шарттар аясындағы жұмыс отандық кәсіпорындардың  өндірісті жетілдіруге немесе бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын жаңа өндірістер ашуына мүмкіндік береді.  Осыған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  ұзақ мерзімді келісім-шарттар жүйесін дамытуға атсалысатын болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер