astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен Маңғыстау өңірінде бес колледж дуалдық оқыту жүйесін енгізуде

2014 жылғы 31 Мамыр
4130 просмотров

Бұл жайында ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев  Маңғыстау облысының кәсіпкерлерімен өткен жұмыс кездесуде  мәлімдеді. 

«Мамандар дайындау өте маңызды мәселе екені түсінікті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, кәсіпорындарда дуалдық оқыту жүйесін енгізу бағытында жұмыс жасауда, яғни болашақ мамандар білім алумен қатар өндірістік дағдыларды да игереді. Ұлттық палатаның осы жүйені қолдануға қатысты ұсынысына Маңғыстау өңірінде қазіргі уақытта әртүрлі бағыттағы бес колледж қолдау танытып отыр. Бұл жұмыс дұрыс тәсілімдемені қолданған жағдайда сәтті іске асырылады деп ойлаймын», - деді Тимур Құлыбаев. 

Іс-шара барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономиканың әртүрлі салаларындағы мамандар қажеттілігін есепке ала отырып, «мамандықтар картасын» әзірлеу жұмыстарын бастағаны жайлы атап өтілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер