astana-view

Съездті шақыру туралы хабарлама

2014 жылғы 06 Маусым
4716 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ҚР ҰКП Президиумы бірінші Съездті шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

ҚР ҰКП бірінші Съезді 2014 жылғы 25 маусымда 11 сағат 00 минут Астана қаласы, Тәуелсіздік Сарайы (Тәуелсіздік даңғ., 52) мекен-жайы бойынша өтеді.

Съезд делегаттарын тіркеу 2014 жылғы 25 маусымда 9 сағат 00 минутта басталып, 2014 жылғы 25 маусымда 10 сағат 30 минутта аяқталады.

Тіркеуден өту үшін жеке басты растайтын құжатты көрсету қажет.

Күн тәртібі:

  1. ҚР ҰКП Басқармасының есебін бекіту туралы;
  2. ҚР ҰКП Стратегиясының жобасын таныстыру;
  3. Тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы;
  4. Әртүрлі.

Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша құжаттар Съезд делегаттарына оның өткізілу күніне дейін электрондық байланыс арқылы қосымша жолданады.

Анықтама телефоны:  +7(7172) 91-93-56 (Құмаров Нұржан).

Электрондық пошта: n.kumarov@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер