astana-view

Аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып өңірлік даму карталарына шынайы жобалар ғана енгізілуге тиіс

2014 жылғы 14 Маусым
3892 просмотров

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақмола облысы кәсіпкерлерімен жұмыс кездесуі кезінде кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестері мен дирекцияларына индустрияландырудың өңірлік картасын қалыптастыру мәселелерімен айналысуды тапсырды. Сонымен қатар ҰКП Төралқа басшысы индустриалды бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде жасалған басқалардың қателігін қайталамау үшін, әрбір өңірдің аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып шынайы жобаларды іріктеуге ерекше назар аударды.

«Ауадан қамал тұрғызбай, астананың жақындығын ескере отырып, ауыл шаруашылық қайта өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, біздің өңірімізге тән шынайы жобаларды енгізу керек. Тамақ өнеркәсібін дамыту – бүгінгі дамудың басымдылықтарының бірі. Қазіргі міндет – кадрлық және ресурстық қамсыздандырылу орын алуы үшін, шынайы жобалар пулын қалыптастыру. Біз даму институттары арқылы қаржы ресурстарының қолжетімділігі жағынан көмектесеміз. Әкімдіктерге әкімшілік мәселелер жағынан көмектесу керек, олар: рұқсаттар, келісулер, жер телімдерін бөлу, коммуникациялар», - деді Тимур Құлыбаев.

Ол Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тікелей қатысуымен индустриалды дамудың өңірлік картасын қалыптастыру бойынша бастаманы Үкіметтің қолдағанын атап өтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер