astana-view

Ақтөбе облысы жаңа жобаларды енгізу бойынша жақсы тәжірибеге ие

2014 жылғы 16 Маусым
- Ақтөбе облысы
7753 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы екі ірі кәсіпорын - медициналық жабдықтар өндіру бойынша «Ақтөберентген» АҚ және Ақтөбе металл емес құбырлар зауытын аралап шыққан соң Ақтөбе облысы бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында осындай ой айтты.

«Облыста жаңа жобаларды енгізу бойынша жақсы тәжірибе жинақталғаны сезіледі, сондықтан да өңірде жаңа өңірлік инвестициялық саясатты, атап айтқанда, ҮИИДМБ-2 бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен перспективалар бар. Өз тарапымыздан біз жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», - деп баса айтты Тимур Құлыбаев.

Ақтөбеде жуық арада рельсті-арқалық зауытының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаның пайдалануға берілетіндігін еске сала кетейік. Жоба қуаттылығы 430 мың тонна, оның ішінде 200 мың тоннасы – ұзындығы 120 метр болатын рельстер және 230 мың тоннасы – сұрыпты прокат шығару.

Сонымен қатар, жаңа ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ҰАК» АҚ іске қосылатын болады. Ол республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 440 мың тонна феррохром, құны 111 млрд теңге болмақшы. Пайдалануға берілген соң 500 жаңа жұмыс орны жасақталатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер