astana-view

Қазақстандағы бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасы бизнесті жауапкершілікпен жүргізу бойынша Жаһандық Форумда талқыланды

2014 жылғы 30 Маусым
5361 просмотров

2014 жылғы 26-27 маусымда Парижде (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұйымдастырған бизнесті жауапкершілікпен жүргізу бойынша Жаһандық Форум болып өтті. Оған Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі қатысты.

Форум аясында Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкешіліктің Ұлттық тұжырымдамасының жобасы ұсынылды. Оны талқылауды ҚР-да Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізіп жатыр.

Форум жұмысының барысында Қазақстан мен Грузиядағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне арналған арнайы панельдік сессия өткізілді. Талқылау қорытындылары бойынша Қазақстанға бұл саладағы әрекет бойынша жоғары баға берілді.

Жұмыс тобымен кездесу қорытындылары бойынша корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша ЭЫДҰ Қазақстандағы КӘЖ принциптерін алға жылжыту бойынша болашақ қадамдарды анықтады.

Қазіргі уақытта Тұжырымдама жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер