astana-view

Туристер алдында жауапкершілік күшейсін!

2014 жылғы 30 Шілде
3777 просмотров

Авиатасымалдаушы чартерлік сапарларға билет сатып алған туристердің жөнелтілуі мен оралуына жауапкершілікті алуға тиіс.

Бұл туралы ҚР Туроператорлар қауымдастығының президенті Талғат Дайыров мәлімдеді.

Қауымдастық басшысы Азаматтық авиация комитетіндегі жұмыс тобының қызметі туралы айта келіп, чартерлік сапарларда туристерді «алып кетпеу» жағдайлары болашақта қайталанбас үшін, ҚР заңнамалық базасын реттеу шараларын қолдану қажеттігін атап өтті.

«Бұл мәселе салмақты дайындықты талап етеді. Туристік нарықты реттеу механизмдерін жасап шығу үшін барлық қатысушыларды тарту қажет: туроператорды, авиатасымалдаушыларды, сақтандырушыларды және қаржы құрылымдарының өкілдерін», - деген ойда Талғат Дайыров.

Оның ойынша, чартерлік сапарларға билет сатып алған туристерді жөнелту және олардың оралуы үшін авиатасымалдаушы жауапкершілігін реттеу өте маңызды.

«Чартерлік сапарлар тізбегін орындауға туроператормен шарт жасасқан авиатасымалдаушы туристі тасымалға қабылдап, шипажайға апарған жағдайда, туристің билетінде көрсетілген күні оның оралуын жүзеге асыруға міндетті деп санаймыз. Бұл үшін қаржылай кепілдіктерді ол туроператордан шартқа туристерді алып кету қажеттігін қанағаттандыруға қабілетті міндетті депозит кіргізу жолымен алуға тиіс. Болашақта авиатасымалдаушының туристерді алып кетуден бас тартуына жол бермеу үшін, бұл міндеттемені заңды түрде бекіту қажет», - деген түсінік берді ҚТҚ басшысы.

Сонымен бірге ол туроператорлар үшін қаржылай кепілдікті енгізу, өтемақылық қор құру және т.б. мәселелерді қатысушылардың кең көлемімен отырып талқылау қажет екендігін атап өтті.

«Бұл шара заңнамалық базадағы біршама дұрыс және объективті өзгертулерді қабылдауға мүмкіндік береді және туристік нарық қатысушыларының қатынастарын реттейді», - деп қорытты Талғат Дайыров.

Қазақстанның Туроператорлар қауымдастығының мүшесі Лаура Ғалиева өз кезегінде Алматы мен Астанада тасымалдаудың мөлшерден асып кетіп жатқанын, бағалар демпингі байқалып отырғанын мәлімдеді.

Туризм нарығындағы жағдайға шынайы баға бере отырып ол нарықта күтілетін проблемалар – демпинг және тіпті жоғарғы маусымда да ұсыныстардың мөлшерден асып түсуі жағдайындағы кейбір туроператорлардың қаржылай қауқарсыздығы екендігін атап өтті.

«Қазақстандық нарықта шетелдік құрылтайшылармен шартты түрде «жергілікті» компаниялар жұмыс жасайды. Алынған табыс шетелге шетелдік иегерге кетеді. Қазақстан салықтар мен ықтимал инвестицияларды толығымен алмайды. Компания банкрот болған жағдайда жауапкершілік ЖШС-да директорларға жүктеледі, оның үстіне шетелдік иегерлер судан «құрғақ» шығып, Қазақстан тағы да проблеманың астында қалады», - деп түсіндірді Лаура Ғалиева.

Оның ойынша, егер компания туроператор ретінде жұмыс жасауды жоспарласа, шет елдер мысалында Қазақстан азаматы болып табылатын құрылтайшының кем дегенде 51% енгізуін қарастыруға тырысып көру керек.

Лаура Ғалиева чартерлік сапарлармен туристерді әкетуге авиакомпания жауапкершілігін енгізу қажет, сондай-ақ қаржылай кепілдіктерді енгізу мәселесін сақтандырушылармен және қаржы құрылымдарымен талқыға салу керек деп есептейді.

Бүгін белгілі болғандай, қазақстандық турагенттіктер қауымдастыққа бірігуде. Сонымен қатар, жоба консультанты Денис Кривошеевтің айтуынша, қауымдастық жанынан әрекеті дағдарыс кезінде турагенттіктерді «қорғауға» бағытталатын «Байтақ» қоры құрылады.

Ол қазақстандық турагенттіктердің осыған дейін де мұндай ұсыныспен үкіметке жүгініп, мемлекет тарапынан қолдауға келісім алып алғанын атап кетті. Денис Кривошеевтің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан билігі «ресейлік сценаримен» жүруді жоспарлап отыр екен: заңнамалық деңгейде нарықты ірі туроператорлар мен орташа туроператорларға бөлу. Осыған орай қауымдастық шағын туристік агенттіктер мен операторлардың мүддесін қорғау үшін құрылып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер