astana-view

Қазақстандық тауар Ресей нарығындағы импорттың орнын толтырарлық жағдайда – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

2014 жылғы 25 Тамыз
4182 просмотров

 

Отандық тауар Ресей Федерациясы нарығындағы бұрын АҚШ және Еуропалық одақ елдерінен келіп отырған импорттың орнын толтыру үшін жағдайы бар, деп мәлімдеді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев.

«Жалпы жағдай бір жақты емес, бизнес үшін де, инвестициялар үшін де тұрақты ойын ережесі аса маңызды, сондықтан да жағымды тұсы аздық етеді, сонымен бірге Қазақстан үшін де айтарлықтай бірқатар тәуекелдер туындап отыр. Алайда бір жағынан алып қарағанда, дағдарыстың басқа да жағымсыз салдарлармен қатар мүмкіндік тудыратынын түсінеміз. Болжап қарасақ, бұрын АҚШ және Еуропалық одақ елдерінен келіп отырған импорттың орнын толтыруға қазақстандық өнімнің жағдайы жетеді», - деді «Жеті күн» бағдарламасына сұхбатында Рақым Ошақбаев.

Сонымен бірге ол ресейлік нарықтағы кейбір тауарлардың жетіспеушілігінің кәсіпкерлер үшін қандай да бір белгі екендігін, осы өнімдердің жоғары рентабельдігін көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Қазіргі сәтте Ресейде белгілі бір өнімнің жетіспеушілігі туындап отырғанын көріп отырмыз, осының салдарынан экономикада бағаның өсуі орын алады. Бұл осы өнімдердің өндірісі рентабельділікке ие деген белгілі бір нарықтық белгі береді. Бұл өсу үшін қажет талап, бірақ жеткіліксіз талап. Бұл мүмкіндікті жүзеге асыру үшін, инвестицияны қуаттандыру қажет. Мұнда қабылданып қойған бағдарламалар – «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020», ҮИИДМБ 2 бесжылдығы бағдарламаларының кіршіксіз жұмыс жасағаны өте маңызды», - деп түсіндірді ҚР Ұлттық палатасы Төрағасының орынбасары.

Рақым Ошақбаев республиканың экспорттық әлеуетін өсіру жағынан бизнесті жұмылдыру үшін Ұлттық палатаның бар күшін салатынын баса айтты.

Сонымен, ҚР ҰКП жарияланған ықпалшаралар мәнмәтінінде «Бизнес-жұмылдыру» науқанын жариялады.

«Осы аптада жарияланған ықпалшаралар мәнмәтініндегі «Бизнес-жұмылдыру» атты науқанды бастағанымызды білесіздер. Бұл науқанда кәсіпкерлерді қазірден белсеніп, бәсекеге қабілетті өнім өндіру көлемін өсіруге, экспортқа, сонымен бірге Ресей Федерациясына шығаратын өнімдер аясын кеңейте бастауға шақырған болатынбыз. Соңғы 3 күннің ішінде-ақ кәсіпкерлерден күніне 10-20 өтініштен ала бастадық. Олардың барлық мүмкіндіктері бар және бұндай әрекетке дайын, алайда барлығына да инвестицияларға деген кеңейтілген қолжетімділік қажет»,- деді Рақым Ошақбаев.

Бүгінгі таңда ҚР ҰКП мәліметтері бойынша, экспортты өсіру бойынша міндеттерді орындаудағы қиындықтар кредиттеу мәселесіне қатысты болып отыр.

Сонымен, қазіргі күні бизнес кредиттеу қызметтеріне деген жоғары бағалар мен кепілдемелік базаның жетіспеушілігі салдарынан қаржыландыру алуда қиындық көруде.

«Көптеген кәсіпорындар кредиттеліп қойғанын көрсетсе, бір жағынан көптеген кәсіпорындарда кепілдіктер жетпей жатыр. Белгілі бір заңнамалық шектеулер бар, егер біз оларды алып тастай алсақ және осы инвестициялық жобаларға ақша жіберетін болсақ, онда бұл өндірісті ұлғайтуға көмектеседі», - деп есептейді Рақым Ошақбаев.

Дегенмен, Төраға орынбасарының айтуынша, Үкімет пен бизнес арасындағы сұхбат жөнге қойылғандықтан, бұл қиыншылықтарды жеңіп шығамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер