astana-view

Кеден одағы аясында жеңіл өнеркәсіпті таңбалау мәселесі ашық қалып отыр

2014 жылғы 27 Тамыз
4631 просмотров

 

2014 жылғы 25 тамызда ҚР ҰКП алаңында Кеден одағы аясында жеңіл өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерін таңбалау мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Бұл жиналысқа Еуразиялық экономикалық комиссия, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Сонымен қатар бейнеконференция тәртібінде Алматы қаласындағы салалық кәсіпкерлер де жиналысқа қатысты.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Самойлова Наталья ЕЭК 2014 жылғы 28 сәуірдегі №28 Шешіміне сәйкес жеңіл өнеркәсіптің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін құру мақсатқа лайықты деп танылғанын хабарлады.

Наталья Самойлова 

Қазіргі сәтте ҚР ҰКП қатысуымен Жұмыс тобы мен топшаларының аясында бұл мәселені ЕЭК алаңында мүше мемлекеттер талқыға салуда.

Жұмыс топтарының отырысы қорытындысы бойынша, мақсатқа лайықты деп танылған жағдайда ЕЭК Кеңесіне Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау жүйесінің функциялануын құру туралы Келісім жобасы бекітуге ұсынылмақшы (Келісім Жобасы қоса тіркелген).

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) Кеңесшісі Енин Олег жиналысқа қатысушыларға «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесі туралы» презентациясын ұсынды, ол мына ақпараттан тұрады:

- ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағындағы таңбаланған тауарлардың айналым процесіне қатысушылар туралы;

- байланыссыз сәйкестену технологиясын салыстыру туралы;

- RFID технология басымдылықтары туралы;

- тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің жалпы құрылымы туралы;
- мүше мемлекет ақпарат жүйесінің ұлттық құрамдасы туралы;

- таңбалау жүйесін құру сатылары туралы (презентация қоса тіркелген).  

Олег Енин

Осылайша, 1 кезең – 2014 жылғы шілде-желтоқсанда ЕЭК мынаны жоспарлауда:

1. Ақпараттық жүйені құру тұжырымдамасы;

2. Техникалық тапсырма және бағдарламалық қамсыздандыру прототипін;

3. Таңбалау жүйесінің функциялануына тест-сынақ өткізу.

Қорытындысы бойынша Таңбалауды енгізу туралы халықаралық келісім жоспары даярланатын болады. 2015 жылғы қаңтар айында күшіне енеді. 

2 кезеңде – 2015 жылғы қазанда Тараптардың ақпараттық жүйе ұттық құрамдасын дайындау жоспарлануда.

3 кезеңде – 2015 жылғы желтоқсан айында ақпараттық инфрақұрылымды өрістету, тестілеу және ұлттық құрамдастар интеграциясы жоспарлануда. 2016 жылғы қаңтар айынан бастап – Кеден аумағындағы жүйені пайдаланудың басталуы.

«ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ Президенті Любовь Худова таңбалауды енгізудің мақсатқа лайықсыздығы жайлы ойын білдірді, себебі ұсынылған механизм тиімсіз және контрафактілі өнім мен контрабанда ағысының төмендеуіне әкелмейді. Қауымдастықтың ойынша контрафактілімен күрестің біршама ықпалды механизмі мыналар:

- «карго тасымалдаулар» мен олардың түрлерін (экономикалық операторлар) тоқтату;

- жеңілдетілген тәртіпте салмағы бойынша жеке тұлғаның алып өтуін тоқтату;

Осылайша, Қауымдастық Басшысы былайша түйіндеді: «Нәтижесінде заңды өндірушіге жүктеме болады».

"Медиатекс-Н" ЖШС директоры Олег Носов таңбалауды ерікті негізде енгізуді ұсынды. Өйткені таңбалауды енгізу бизнес үшін қосымша шығындарды болжайды, онда негізделген шығыны бар өнімге таңбалауды енгізу қажет. Осылайша өндіруші өз өнімінің жоғары сапасын растау мақсатында саналы және негізделген түрде шығын көреді, бірақ бұны ерікті негізде жасайды.

Мемлекеттік органдар өкілдері, атап айтқанда ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті, ұсынылған механизмде кедендік процедураларды жүргізу ерекшеліктері ескерілмегендігі жайлы ойын білдірді.

QR-код көмегімен таңбалауды қолдаған Қасенова Фарида - «Универсал» ЖШС. Компания өкілінің сендіруі бойынша QR-код қолдану халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі код тауардың шынайылығын тексеруге көмектеседі. QR-код  құны – 10 теңге, компанияның бағалауы бойынша Қазақстандағы нарық көлемі – жылына 2 млрд. таңбаны құрайды, яғни – 20 млрд. теңге.

Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар реттеушілік ықпал ету талдауын (бағалау) жүргізу, экономикалық есептеулерді жүргізу қажеттігі жайлы пікірлерін білдірді. 

Таңбалау қосымша әкімшілік кедергі болады деген қауіп бар, бұл мынаған әкеледі: өткізу бекеттерінде көлік құралдарының жинақталуына, бұл Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетінің дамуына жағымсыз әсерін қалдырады; кедендік бақылау және тауарларды тазарту мерзімінің ұлғаюына; таңбалау кедендік бақылауда қоймаларда жүргізілген жағдайда тауарларды сақтауға импорттаушылар шығынының көбеюіне; кеден органдарының есептеуші құрылғылармен жабдықталуына шығындардың өсуіне.

ҚР кәсіпкерлерінің шоғырландырылған ойын жасақтау мақсатында ҚР ҰКП КО және БЭК мүше мемлекеттер талқыға салатын материалдарды қарастыруға шақырады.

Сонымен бірге, ҚР ҰКП бұрындары ҚР Премьер-министрінің Бірінші Орынбасары Б.Сағынтаевтың атына жолданған ҚР ҰКП ресми ұстанымымен танысуды ұсынады (қоса тіркелген). 

Өткен жиналыс қорытындылары бойынша  қазіргі уақытта ҚР ҰКП ұстанымы қосымша ескертулермен дайындалуда.  

 

 

- Тауарлар айналымының және дүниежүзіне және КО мүше мемлекеттерге  әкеліну заңдылығын бақылау мақсатында тауарларды таңбалау механизмін қолдану тәжірибесі туралы АҚПАРАТ

- Мүше мемлекет аумағында таңбаланған тауарларды айналымға шығару А 4.0 БИЗНЕС-ПРОЦЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

- Таңбалауды енгізуге ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығынан жауап

- Таңбалау жүйесінің мақсатқа сәйкессізігі туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.А.Сағынтаевқа хат

- 2015 жылдан бастап Кден одағына және Бірыңғай эконмикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін дайындау және енгізудің жоспар-кестесі

- Тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалаудың ақпараттық жүйесін құрудың тұжырымдама жобасы. Еуразиялық экономикалық комиссия

- Таңбалау жүйесін құру және функциялаудың технологиялық мәселелерін үйлестіру бойынша топша отырысының хаттамасы

- Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін қолдану жағынан нұсқаулықтар

- Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін бірыңғай кедендік аумақта қалыптастыру және қолдану бойынша ұстанымдар туралы шешім

- «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін дайындау туралы» Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес шешімінің жобасы туралы шешім

- ЕАЭО-да тауарларды бақылау белгілерімен таңбалау жүйесін құру және функциялау туралы Келісім жобасы

- Бизнес-процестер тізімі

- Тауарларды бақылау белгілерімен таңбалау саласындағы Беларусь Республикасының тәжірибесін зерттеу туралы анықтама

- Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін, сонымен бірге оның басқа елдердегі айналымын бақылау мақсатында, таңбалау механизмін қолдану тәжірибесі туралы АНЫҚТАМА

- Байланыссыз сәйкестендіру технологиялары

- Ашық көздерден материалдарды іріктеудің Байланыссыз сәйкестендіру технологиялары

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер