«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП-дағы қызметтік өсу

Біз – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Біз:

–    Бизнестің күшіне сенетін әрі оған көмектесуге ұмтылатын, өзімізге сенімді ниеттес адамдардан құралған командамыз;

–    Бәсекеге қабілеттілікті және жергілікті өндіріс өсімін арттыру жолында еңбек ететін нағыз отансүйгіш жандардан құралған командамыз;

–    Өз ісін сүйетін және оған үлкен жауапкершілікпен қарайтын нағыз кәсіби мамандардан құралған командамыз;

–    Өз елінің тарихына атсалысуға және шынайы іс-әрекет арқылы өзгертуге дайын, белсенді өмір ұстанымдарына ие екпінді адамдардан құралған командамыз;

–    Әрқайсымыз ортақ іске бірігей үлес қоса алатын дарынды да жарқын жеке адамдардан құралған командамыз;

–    Әрбір қызметкер өзін жайлы сезінетін, аса бір құлшыныспен және қызығушылықпен жұмыс істейтін әрі өз қабілеттерін толығымен ашып көрсететін ынтымақты командамыз.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде кеңселер ашып және барлық салалық бағыттар бойынша кәсіпкерлердің мүдделерін таныта отырып, біз өз қызметкерлерімізге еліміздің тұтас аумағында және Қазақстанның барлық салаларында мол әрі бай тәжірибе алу мүмкіндігін ұсынамыз.

Біздің жұмысымыз әрдайым алуан-түрлі – көптеген тараптармен (соның ішінде Үкімет, мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, жеке бизнес құрылымдары, жеке кәсіпкерлер, істерін жаңа бастаған кәсіпкерлер) арақатынас орната отырып, біз күн сайын жаңа тәжірибеге қол жеткізіп, өзіміздің кәсіптік қызметіміздің әртүрлі салаларында дамып келеміз.

Біз өз командамызда екпінді, өз ісінің білікті, дарынды әрі өз жұмысын жақсы көретін әрі біздің корпоративтік құндылықтарымызды бөлісе алатын белсенді тұлғаларды көргіміз келеді.

Біздің командамызға қосылыңыздар! 

Серіктестер