astana-view

Сұхбатқа дайындық

БІЗ КІМДІ ІЗДЕЙМІЗ?

Біз өз қатарымыздан қуатты, кәсіби білгір, талантты, белсенді, өз ісін жақсы көретін, корпоративтік құндылықтарымызды бөлісе алатын тұлғаларды көргіміз келеді.

Сондықтан үміткерлерді конкурстық іріктеудің негізгі мақсаты олардың жекелік және кәсіби құзыретінің жалпы алғанда корпоративтік мәдениетке, жекелей алғанда қалаған қызметіне сәйкестігін бағалау.

Мінсіз үміткер жоғарыда аталған барлық қасиеттерге ие. Ол:

  • «Атамекен» ҚР ҰКП-ның негізгі идеясын түсінеді және оған сенеді. Ол «Атамекен» ҚР ҰКП туралы ҚР Заңымен танысқан, ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттерін анық біледі, оның негізгі жетістіктері туралы хабардар;
  • өз ісін мүлтіксіз меңгерген әрі әрдайым жетілдіруге талпынады;
  • мақсатшыл, қызметін тұрақты түрде жақсартып тұруға және нәтижеге бағдарланған;
  • жоғары аналитикалық қабілеттерге ие, негізгі мәселелерді анықтап, олар бойынша тиімді шешімдерді қабылдай алады;
  • әдеттен тыс ойлай алады және мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табады;
  • топпен жұмыс істей алады және ұйымның көптеген «сыртқы» стейкхолдерлерімен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті.

Конкурстық іріктеу процессі төрт кезеңнен тұрады:

  1. Бос лауазымдарды орналастыру және бос қызмет орындарына ең жақсы резюмені таңдау
  2. Өзін-өзі тексеру үшін аналитикалық тапсырма
  3. Қызметкерлерді басқару департаментінде сұхбаттасу (case-сұхбат)
  4. Тікелей басшымен сұхбаттасу

 

СҰХБАТҚА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ ҚАЖЕТ?

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы сұхбаттасуға қатыспастан бұрын үміткерге ұсынылады:

  • өз резюмесін жаңарту (бұл бізге сізді әділ бағалауға көмектеседі);
  • өзінің негізгі машықтары мен артықшылықтарын жақсырақ көрсетілім үлгілерімен және өмірден алынған оқиғалармен нығайту (бұл бізге сіздің машықтарыңыз бен біліміңізді тәжірибеде қалай пайдаланатыныңызды бағалауға көмектеседі);
  • ұйым туралы, оның қызметкерлері, табыстары мен жоспарлары туралы барлық қолжетімді ақпараттарды іздеп тауып, танысу (бұл бізге сіздің жұмысқа қатысты жоспарларыңыздың салмақтылығын көрсетеді);
  • ұйымға қатысты өз сұрақтарын дайындау (бұл бізге тиімді диалог құруға және кездесу кезінде өзара толыққанды түсіністікті қамтамасыз етуге көмектеседі);

Сондай-ақ, сұхбаттасудың осы кезеңінде сізге кейс-сұхбаттасудан өту ұсынылуы мүмкін.

Кейс-сұхбаттасуда сізге өткір пікіріңізді және/немесе шешіміңізді талап ететін шынайы немесе ойдан құрастырылған жағдай ұсынылады. Сұхбат алушымен диалог барысында сізге дұрыс сұрақтар қою, көбірек қажетті ақпарат алу және осы ақпараттарды пайдалана отырып, қандай да бір нәтижеге қол жеткізу қажет (мәселенің шешімін ұсыну, қорытынды шығару, сұхбат алушыны өз көзқарасына сендіру және т.б.). Кейс-сұхбаттасу сізге өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді көрсетуге, ал бізге тәжірибеде сіздің біліктілік деңгейіңізді бағалауға көмектеседі.

Назар аударарлығы, кейс-сұхбаттасуда дұрыс немесе бұрыс жауаптар мен әрекеттер болмайды. Біз үшін негізгі мақсат – сіздің ойлау стиліңіз бен мәселені шешу тәсіліңізді анықтау.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер