Іскер әйелдер кеңесі

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары алаңдарында Өңірлік іскер әйелдер кеңестері, сондай-ақ, аудандық деңгейде дәл осындай кеңестер жұмыс істейді.

1 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы  Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің І конгресі өтті.

Конгресте Ұлттық палата жұмысы аясында Кеңес қызметін жүргізудің стратегиялық келешегі, елімізде әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы ахуалды жақсарту бағыттары, сондай-ақ, әйелдер қатысатын шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңесті құрудың басты идеясы – өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін күшейту.

Кеңестің міндеттері:

- Әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

- Әйелдердің жеке кәсіпкерлікке араласуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.

Кеңес өз қызметін мынадай бағыттар бойынша іске асырады:

- Республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттық-ағартушылық қызметті ұйымдастыру;

- Жаңа бастаған әйел-кәсіпкерлерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;

- Перспективалы бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау;

- Іскер әйелдердің экономикалық құзыреттілігін көтеру және олардың арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту;

- Кәсіпқой әйел-кәсіпкерлердің өңірлерді, қалалар мен кәсіпорындарды экономикалық дамытудың ең тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуын жолға қою;

- Қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің арасындағы сындарлы сұхбатты жолға қою, оның ішінде қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің экономикалық әрі мәдени қарым-қатынас жасауы;

- Шетелдік іскерлік орталарда еліміздің әйел-кәсіпкерлерінің оң имиджін қалыптастыру. 

 

 

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің «Қазақстан – бизнес-идеялардың жазирасы» атты III Конгрестің ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

 

Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы


1973 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

• Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (1998-2001).

• Еңбек жолын банк жүйесінде бастаған (1994-1995).

• 1995-1998 жж. – Қазақстан республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы.

• 1998-1999 жж. – ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі.

• 1999-2002 жж. – ҚР Қаржы министрінің хатшылығы.

• 2002 ж. – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы.

• 2003-2005 жж. – «Dala group» ЖАҚ Бас директорының кеңесшісі, кейіннен Бас директоры.

• 2006-2007 жж. – ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

• 2007-2008 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

• 2008-2009 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

• 2011-2013 жж. – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры.

• 2013 жылдан  – «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы.

• 2015 жылдан – «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы. 


Бисембаева Бағила Мүбәракқызы – Астана қаласы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1964 ж. Ақмола облысы Атбасар қаласында туған.

  • 1991 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «философ-саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірді.

  • 1998 жылы Еуразия нарық институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді.

  • Еңбек жолын 1982 ж. Атбасар қалалық халыққа білім беру бөлімінің №3 орта мектебінде нөлдік сынып мұғалімі болып бастады.

  • 1983-1985 жж. – Атбасар қ. Атбасар тігін фабрикасының тігінші-моторисі.

  • 1991-1996 жж. – Көкшетау педагогикалық институты Саясаттану және экономикалық теория кафедрасының оқытушысы, Көкшетау қ.

  • 1996-1998 жж – «Арман» Халықаралық нарықтық экономика орталығының бағдарламалары жөніндегі менеджері, Алматы қ.

  • 1998-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономика, қаржы және бюджет комитеті хатшылығы секторының меңгерушісі.

  • 2001-2004 жж – ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігі басшысының орынбасары.

  • 2004-2007 жж. – ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.

  • 2007-2012 жж. – ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

  • 2012-2014 жд. – ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары.

  • 2014 жылдан бері – «Фортуната» ЖШС директоры. 

Шаяхметова Үміт Болатханқызы – Алматы қ. Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1969 жылы 19 наурызда туған.

  • 1993 жылы П.Лумумба атындағы Ресей Халықтар достығы университетін «экономикалық ғылымдар бакалавры» біліктілігін алумен бітірген.

  • 1996 жылы АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында Rutgers University оқу орнын МВА.дәрежесімен бітірген.

  • 1997 жылдан «АБН АМРО Банк Қазақстан» ЖАҚ еншілес банкінің Құрылымдық қаржыландыру басқармасында түрлі қызметтер атқарған.

  • 1998 жылдан - «ABN AMRO Asset Management» КУПА Басқарма төрайымы.

  • 2000 жылдан – «АБН АМРО Банк Қазақстан» ЖАҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2004 жылдың қараша айынан – Халық банкі Басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2009 жылдан – «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы. 

Бексұлтанова Көгершін Нұрмағанбетқызы – Ақмола облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1963 жылы 30 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.

  • 1984 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын бітірген.

  • 1984-1999 жж. – Ақмола облысы Зеренді ауданы Раздольный орта мектебі, мұғалім.

  • 2000 жылдан бүгінгі күнге дейін – «Келешек – 2030» ЖШС басшысы, құрылтайшысы.

Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы – Ақтөбе облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1966 жылы 9 қарашада Ақтөбе облысында туған.

  • 1991 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.

  • 2010 ж. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша бітірген.

  • 1983-1985 жж. – Ақтөбе қалалық клиникалық ауруханасында кардиологиялық бөлімнің санитаркасы.

  • 1991-1992 жж. – Новороссийск аудандық ауруханасы, интерн-дәрігер.

  • 1992-1993 жж. – Ақтөбе аудандық ауруханасы, аудандық педиатр.

  • 1993-1996 жж. – Ақтөбе аудандық ауруханасы, емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары.

  • 1996-2001 жж. – «Ақбөбек» реабилитациялық орталығының директоры.

  • 2001-2007 жж. – Облыстық «Ақтөбе» балалар қорының атқарушы директоры.

  • 2007-2013 жж. – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облыстық Балалар құқықтарын қорғау департаменті» ММ директоры.

  • 2013-2014 жж. – «Ақтөбе облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ басшысы.

  • 2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мектепке дейінгі және арнаулы білім беру кафедрасының аға оқытушысы.

Мұсабекова Мәмила Құрманжанқызы – Алматы облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры.

1963 ж. 27 наурызда Алматы облысында туған.

  • 1984 ж. Алматы Халық шаруашылығы институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

  • 1984-1998 жылдары – КСРО Мемлекеттік банкі Талдықорған облыстық кеңсесі. ҚР Ұлттық банкінің Талдықорған облыстық басқармасы.

  • 1999-2001 жылдары – «Гера ЛТД» ЖШС бухгалтері.

  • 2001-2005 жылдары – «ҚР Ұлттық банкі» ММ Алматы облыстық филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі.

  • 2005-2006 жылдары - «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ №1 Есеп-кассалық бөліміінің бастығы. 

Беккужиева Әлия Байжанқызы – Атырау облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1961 жылы 10 қыркүйекте Атырау облысында туған.

  • 1983 жылы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

  • 1983-1987 жылдары - «Рембыттехника» ЖШС экономисі.

  • 1987 жылдан - «Рембыттехника» директоры.

  • 1997 жылдан – «Өнерпаз» ЖШС Бас директоры.

  • 1999 жылдан – Атырау облысы «Кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» ҚБ төрайымы.

  • 2005 жылдан – «Атырау облысы Азаматтық альянсы» ЗТБ төрайымы.

Құспанова Жұлдыз Қазықызы – Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1976 жылдың 29 наурызында Орал қаласында туған.

  • 1997 жылы Назарбаев шәкіртақысының иегері ретінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін эколог мамандығы бойынша аяқтаған. 2001 жылы "қаржы менеджменті" мамандығы бойынша "Еуразия" менеджмент және тіл институтын тәмамдаған.

  • Еңбек жолын ұлттық киім тігу бойынша отбасылық кәсіпорында бастаған (қойма меңгерушісі, өндіріс меңгерушісі, бухгалтер және бас бухгалтер қызметтерін атқарған). 

  • 2005 жылы өз жеке кәсібін - сән студиясын ашқан.

  • 2010 жылдан -ұлттық киім тігуге арналған "Мәрия ханым" сән үйі-отбасылық кәсіпорнының директоры.

  • 2013 жылдан - «Аялы алақан» қайырымдылық бірлестігінің құрылтайшысы.

  • 2014 жылдан - "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік өкілі, "Орал аруы" директоры.

  • БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.

  • 2016 жылдан - "Жақсылық жолы" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы.

  • 2016 жылдың сәуір айынан - "Винтаж" студиясының иегері және директоры.

  • БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.

 

Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы – Жамбыл облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

• 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген

 • «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша Жамбыл педагогикалық училищені тәмамдаған

• «Маркетинг» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетінде оқыған (Алматы қаласы)

 • Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл қаласының №11 Орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастайды

• 1991 жылдан бастап осы күнге дейін кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Бүгінде Айгүл Ақшалова «Марракеш», «Турксіб» мейрамханалық кешендері және «Монтерей» кофесінің иесі

• 2016 жылдан бастап Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің Жұмыс тобының мүшесі.

 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесіне қарасты туризмді дамыту салалық тобын басқарып келеді.

Садырбаева Әлия Балатбекқызы – Қарағанды облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1978 ж. Балқаш қаласында туған.

  • 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек қызметін 2000 жылы «Қамқор» ЖАҚ-ында заңгер болып бастады.

  • 2003 жылдың маусымынан осы жылдың қарашасына дейін - MEGA PLUS ЖШС-інде заңгер.

  • 2004 жылдың маусымынан тамызына дейін - Grand Group Estate заңгері.

  • 2005 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін – жеке нотариус.

  • 2006 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін – «РТС Деко» АҚ-ның Қарағанды қ. өкілі.

  • 2006-2008 жж. – «РТС Деко» АҚ филиалының директоры.

  • 2009-2013 жж. - «SunFlowers LTD» ЖШС директоры.

  • 2013 жылдың ақпан айынан қарашасына дейін - «DELUXE» журналының шеф-редакторы.

  • 2014-2015 жж. – «Альянс Полис» АҚ-ында басқарушы менеджер.

  • 2013 жылдың қараша айынан бері - «DELUXE» журналының бас редакторы. 

Ахметова Гүлмира Асқарқызы – Қостанай облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1969 жылы Семей қаласында туған.

  • 1992 жылы Семей технологиялық институтын «АӨК салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2000 жылы – Халықаралық бизнес академиясын бітірген, іскерлік әкімшілік және менеджиент магистрі дәрежесі бар.

  • Еңбек қызметін 1992 жылы шағын бизнес кәсіпорнында бастады. Alem Bank Kazakstan облыстық басқармасының кредиттік бөлімінде экономист, Семей қаржы-экономикалық техникумында оқытушы,  «Сервис-Партнер» газеті ЖШС-інде бас редактор.болып жұмыс істеді.  

  • 1996 жылдың 1 ақпанынан бастап – «Қазақстан Халық банкі» АҚ «Семей» өңірлік филиалында Қор орталығының директоры.

  • 2006 жылдың қараша айынан - «Қазақстан халық банкі» АҚ Талдықорған филиалының директоры.

  • 2014 жылдың мамыр айынан - «Қазақстан халық банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры.

  • «Үздік қаржыгер» медалімен, «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медалімен,  2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. 

Аманова Жанна Нұрланқызы – Қызылорда облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1981 ж. Қызылорда қаласында туған.

  • 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін ағылшын тілінің аудармашысы-оқытушысы мамандығы, 2005 жылы – Халықаралық бизнес академиясын «қаржы» мамандығы, 2013 жылы – Көшбасшылық және менеджмент институтын (Лондон қ.) менеджмент мамандығы, 2015 жылы -  Аlma management university маркетинг мамандығы бойынша бітірген.  

  • Еңбек жолын 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ағылшын тілінің оқытушысы болып бастады.

  • 2003-2013 жж. - «Петроказахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ тендерлер мен келісімшарттар бөлімінің маманы.

  • 2014 жылдың сәуір айынан - Denimex, Inc (АҚШ, Хьюстон) тәуелсіз бизнес-кеңесшісі,  Қызылорда қаласындағы өкілі.

  • 2015 жылдың наурыз айынан – Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-консультант» және «Бизнес-өсу» бағдарламаларының бизнес-тренері.

Салихова Сәуле Халелқызы – Маңғыстау облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1966 жылы Атырау облысында туған.

  • 1988 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ инситутын тау инженер-геологы мамандығы бойынша, 1997 жылы – Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы – Халықаралық жоғары дизайн мектебін «Тұрғын үй және қоғамдық орындар интерьерінің дизайнері» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу геология-барлау институтында инженер-геолог болып бастаған.

  • 1989-1992 жж. – «Түркменгеология» ӨБ Кугитанг далалық геологиялық-барлау экспедициясының инженер-геологы.

  • 1992-1995 жж. – «КРАМДС-Маңғыстау» АҚ жетекші маманы, Ақтау қ.

  • 1995-2002 жж. – «Қарақұдық-Мұнай» АҚ БК қаржы және есеп жөніндегі директордың ассистенті, геолог, экономист, Ақтай қ.

  • 2002 жылдан бері - «Территория дизайна deSali» студиясының директоры, Ақтау қ. «Coffee & People» ЖШС директоры. 

Арқабаева Алма Нұралықызы – Оңтүстік Қазақстан облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1967 жылы Шымкент қаласында туған.

  • 1992 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1984 жылы бастады. №12 Шымкент  СКТУ-інде шебер, «Қазбаспасөз» АҚ-ында жұмыс істеді.

  • 2011 жылдан бері –  «Asyl Arman» Корпорациясы» ЖШС-нің меншік иесі және бас директоры, ОҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Отбасылық бизнес қауымдастығының мүшесі.

  • ХБА «Бизнес-әкімшілендіру магистрі» біліктілігі бойынша бизнес-бағыттау және тұлғалық өсу жөніндегі сертификатталған тренер болып табылады.

  • Оксфорд Көшбасшылар саммитінің «Еуропалық сапа белгісімен», Халықаралық «Қазақстан өңірлерінің алтын қоры» сыйлығымен, «Даңқ жұлдызы – Қазақстан экономикасы» орденімен марапатталған.  

Сатабаева Райхангүл Қайырбайқызы – Павлодар облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1959 жылы Павлодар облысында дүниеге келген

  • Қарағанды кооперативті институтын «Азық-түлік тауарларының тауартанушысы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1978 жылы Облыстық тұтынушылар одағының Сауда базасында бастаған, онда тауартанушы-брокерден бастап азық-түлік тауарлары бөлімінің бастығына дейінгі барлық кезеңдерді жүріп өткен.

  • 1994-2013 жж. – Павлодар облысы Сауда-өнеркәсіп палатасы Төралқа төрайымы

  • 2012 жылы Павлодар облысы қалалық мәслихатының V шақырылымына депутат болып сайланды.

  • 2012 жылдың шілде айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТБ Павлодар облысындағы филиалының директоры.

  • 2013 жылдың қараша айынан 2016 жылдың наурызына дейін – Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

  • 2016 жылдың наурыз айы – Павлодар облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы болып сайланды.

Сайдашева Ляйла Равилқызы – Солтүстік Қазақстан облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы 

1974 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.

  • Жоғары білімді.

  • Еңбек жолын 1993 жылы Петропавловск қ. Олыстық ауруханадан бастаған  
  • 2004-2009 жж. – Сайдашева Л.Р. жеке кәсіпкерінің басшысы қызметін атқарған
  •  2012 жылдың қаңтар айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты
  •  2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ViZaVi Company» ЖШС бас директоры.
  • Мемлекеттік марапаты, атақтары:
  • 2010 ж - Үздік кәсіпкер әйел
  • 2014 ж- «Ұлт даңқы» ордені
  • 2015 ж - Құрмет грамотасы

 

Березинская-Абилова Елена Николаевна – Шығыс Қазақстан облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған.

  • 1993 жылы Новосибирск Кеңестік кооперативтік сауда институтын «Азық-түлік емес тауарларының тауартануы» мамандығы бойынша бітірген.

  • 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, экономист біліктілігі бойынша бітірген.

  • Еңбек қызметін 1993 жылы «Киім» АҚ-ында қатардағы сатушы болып бастады, содан кейін дүкен меңгерушісі және коммерциялық директор болып жұмыс істеді.

  • 2006-2008 жж. – ӨМЗ Мәдениет сарайы директорының орынбасары.

  • 2010-2013 жж. – «Ақса» ЖШС-нің ШҚО бойынша «Ақсай-нан-Өскемен» филиалының директоры.

  • 2013 -2014 жж. – «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС директоры.

  • 2014-2015 жж. – Өскемен қалалық әкімдігі «Шаһар» ЖШС директоры.

  • 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі «Шаһар» ЖШС директорының м.а.

  • Қазіргі уақытта – «Авангард-инфо» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы және директоры, сонымен бірге «Регион Press» газетінің меншік иесі.