«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

«Атамекен» миссиясы мен тарихы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған.  Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды.  

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.  

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде  ұлттық, сондай-ақ  шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.

ҰКП негізгі қызметтері:

  • кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 
  • өңірлерде кәсіпкерлік қызметке жасалынған жағдайлардың, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін жүргізу;
  • кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;
  • отандық өндіріске қолдау көрсету және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұн үлесін арттыру;
  • мамандар дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестациялау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту;
  • кәсіпкерлік субъектілерді сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.

Сонымен қоса, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысына отандық бизнестің барынша тартылуын көздейді. мемлекеттік мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іскерлік орта мүддесін қорғау. ҰКП шет елдердің бизнес қауымдастықтарымен байлансты кеңейтуде және нығайтуда. Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы интеграциялық үрдістерде отандық бизнеске қолдау көрсетеді. 

Серіктестер