«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Басшылық

Мырзахметов Абылай Исабекұлы

«Атамекен»ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы


1969 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік-Қазақстан облысында туылған.

• 1992 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

• Экономика ғылымдарының кандидаты.

• 1992-1994 жж. – «Концерн Алтын-Алма» АҚ қаржы директоры лауазымын атқарды.

• 1995-1997 жж. – «Айсель-Казахстан» ЖАҚ бас директоры.

• 1997-1998 жж. – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары.

• 1998-2001 жж. – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директоры.

• 2001-2002 жж. – ҚР Көлік және коммуникациялар министрі.

• 2002–2004 жж. – «DALA GROUP» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі.

• 2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) төрағасы.

• 2007 жылдан – «Атамекен» Одағы Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының Басқарма мүшесі.

• 2011-2012 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы ЗТБ президенті.

• 2011 жылдан 2013 жылға дейін – «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы Басқармасының төрағасы.

• 2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «Атамекен»ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы.

Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі 

1972 жылы Қарағанды облысында туған. 

«Инженер механик» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын және «заңгер» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

1994-1998 жж. –  Техникалық бақылау бөлімінің механик-инспекторы, Қарағанды №3 автобус паркінің диспетчері

1998-2001 жж. – Қарағанды облысы бойынша Кеден басқармасының бас инспекторы

2001-2003 жж. – бас маман, ҚР Экономика және сауда министрлігі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сараптамалық бақылау басқармасы басшысының орынбасары 

2003-2005 жж. – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Қорғаныс өндірісі департаментінің директоры, Жобаларды басқару және техникалық дамыту департаментінің директоры

2005-2010 жж. – Көкшетау қаласы «Тыныс» АҚ бас директоры

2010 – 2011 жж. – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті

2011 – 2017 жж. – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары

Жүрсінов Рустам Манарбекұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1976 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

• 1998 жылы ҚазМЗУ, 2000 ж. – ҚазМБА үздік аяқтаған. 2013 – Мәскеулік «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебінің Executive MBA тамамдаған.

• 1997-1999 жж. – «GRATA»заң фирмасының заңгері қызметін атқарған.

• 1999-2002  жж. – ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары

• 2002-2003 жж.- «GRATA» заң фирмасының серіктесі

• 2003 ж. – «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК» ЖАҚ  Жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары

• 2003-2007 жж. – «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ Құқықтық консалтинг жөніндегі атқарушы директоры

• 2007-2009 жж.- «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ ,  «Olympex Advisers» ЖШС президенті

• 2009-2011жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор

• 2011- 2012 жж. – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  Басқарушы директор-Заң департаментінің директоры

• 2012 ж. – «Petroleum Holding» ЖШС бас директоры

• 2012-2015 жж. – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры

• 2015 ж. – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары

Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


• 1973 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

• Атырау мұнай және газ институтының мехника факультетін (1996 ж.), РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша (2007 ж.) тәмамдаған.

• 1996­-2002 жж. - бірқатар жекеменшік компанияларда басшылық қызметте болған. 

• 2002-2006 жж. - Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы, аталған департамент директорының орынбасары.

• 2006-2011 жж. - өңірлік басты медиахолдинг – «Атырау-Ақпарат» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнын басқарған.

• 2011-2012 жж. - Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

• 2014-2016 жж. - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Аппарат басшысының орынбасары.

• 2016 ж. ақпан - 2017 ж. қаңтар - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Аппарат басшысы.

• 2017 ж. ақпан - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қаржауов Олжас Есалханұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген

Алматы экономикалық университетін «қаржыгер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «заң» мамандығында білім алған.

  • 2003-2010 жж. – «Кедбери Қазақстан» өкілдігінің өңірлік директоры

  • 2012-2014 жж. – Жеке кәсіпкер

  • 2012-2014 жж. – «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС, рұқсат құжаттары бөлімінің басшысы

  • 2014- 2014 жж. –  «BON FOOD» ЖШС директоры

  • 2014 ж. шілде-қыркүйек айлары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік дамыту департаментінің сарапшысы

  • 2014 ж. қыркүйек-желтоқсан – Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік дамыту департаменті директорының орынбасары

  • 2015 ж. қаңтар-сәуір – Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

  • 2015-2016 жж. – Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры

  • 2016-2017 жж. – Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

  • 2017 ж. желтоқсан айынан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

Рамазанов Елдос Мұратұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1971 жылы 15 қарашада дүниеге келген.

• М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтап (1993ж.), кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығын тамамдаған (2002 ж.)

• 1992-1997 жж. – жеке меншік коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарда болған.

• 1997-1998 жж. – «БанкТұранӘлем» ЖАҚ Ақмола филиалында саудадан тыс операциялар бөлімінің бастығы,  экономикалық талдау секторының меңгерушісі

• 1998 ж. – "Астана темiр жолы" ҚСД "Қазақстан темір жолы" РМК бастығының орынбасары

• 1998-2000 жж. – «Астана» қаржы-экономикалық орталығының бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК Қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасы бастығының орынбасары.

• 2000-2002 жж. – "Intertrade GmbH" (ГФР) бас директорының орынбасары (Германия).

• 2003-2004 жж. – "Агрохимия" ЖШС қаржы директоры.

• 2004-2006 жж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі аппаратының басшысы – Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары.

• 2006-2007 жж. – "KAZENERGY" Қоғамдық қорының атқарушы директоры.

• 2007 ж. – «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының орынбасары – ақпараттық-талдамалық орталығының директоры.

• 2007 ж. – "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры аппаратының басшысы

• 2007-2009 жж. – «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

• 2009-2011 жж. – «Бүркіт» қаржы-өнеркәсіптік корпорациясы» бас директорының орынбасары.

• 2011-2012 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті.

• 2011-2013 жж. – Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының орынбасары.

• 2013ж. қыркүйек - 2016 ж. қаңтар  – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Аппарат басшысы.

• 2016 ж. қаңтар  – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

Якупбаева Юлия Константиновна

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

• Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған (1998 г.).

• Еңбек қызметін 1998 жылы  ҚР Ұлттық банк құрылымындағы Қаржылық қадағалау департаментінде 4 жыл жетекші маман, кейін бас маман қызметін атқарған.

• 2002-2007 жж. – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қаржы мәселелері жөніндегі сарапшысы, Құнды қағаздар нарығы және зейтетақы секторы жөніндегі департамент директоры.

• 2007-2011 жж. – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры.

• 2011-2012 жж. – Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің Басқарма төрағасының орынбасары.

• 2012-2013 жж. – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма мүшесі - басқарушы директоры. Қаржы секторы, салық салу, тариф белгілеу және бәсекелестікке қатысты бағыттардағы жұмысқа басшылық жасады.

• 2013 ж. қараша – 2014 ж. қазан – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі.

• Бірқатар компанияларда, оның ішінде «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ, «қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңестерінің мүшесі – тәуелсіз директор қызметтерін атқарған.

• Әр жылдарда «АӨҚО» рейтинг агенттігі» АҚ, «Қазақстанның қор биржасы» АҚ Сараптық комитетінің мүшесі болған.

• 2014 жылғы қазаннан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма Төрағасының орынбасары.

• «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «Үздік қаржыгер» Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының медалімен, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ІІ дәрежелі «Еңбекке адалдығы үшін» медалімен марапатталған. 

Серіктестер