astana-view

Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес

8 (7172) 919-300

Кеңестің жұмысшы органы – «Жастар кәсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ

zhastar@palata.kz

Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес – «Атамекен» ҚР ҰКП-ның консультативтік-кеңесшілік органы – Қазақстанда осы саланы дамытуға қажетті шаралар кешенін әзірлеу, сараптамалық бағалау және ілгерілету, мемлекеттік, қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттестігін үйлестіру үшін құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері – Жастар кәсіпкерлігін дамыту мен тиімді қолдаудың заманауи механизмдерін әзірлеу, жастар кәсіпкерлігі саласындағы ахуалды жинақтау, оны дамытуға кедергі келтіретін себептерді жою тәсілдерін анықтау, жастар саясаты саласы бойынша қолданыстағы  нормативтік-құқықтық базаны талдау, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара іс-қимыл тетіктерін ортаның ерекшеліктерін ескере отырып талдау, әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу, мемлекеттік қолдау жоспарлары мен бағдарламаларын құру және іске асыру, ҚР Президентінің қарауына ұсынылатын, Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділік ахуалы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндамаға мәлімет әзірлеу және жариялау.

Кеңесті «Атамекен» ҚР ҰКП Төрағасы басқарады.

Кеңестің құрамына сондай-ақ, вице-министрлер, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының өкілдері және жас кәсіпкерлер кіреді.

Кеңес бизнес, мемлекеттік органдар өкілдерін, жұртшылықты, үкіметтік емес ұйымдарды, саяси партияларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және т.б. өзекті мәселелерді талқылауға шақырады. Жаңа органның қызмет бағыттарының бірі – жас кәсіпкерлердің жұмысы барысында пайда болатын проблемаларды шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға кеңес беру. Кеңес халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істейді. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер