«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мақсаты мен міндетіне сәйкес Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі жұмыс істейді

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.

Кеңес елдегі сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі міндеттерді жедел әрі жүйелі түрде шешу, сонымен бірге, жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша түйткілді мәселелерді көпшілік талқысына салу мақсатында құрылған.

Кеңес төрағасы – Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;

2) мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру;

3) Ұлттық палатаның мүшелерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау және жолдау, ресми хат алмасуды жүргізу, олардың құқығы мен заңдық мүддесін таныту;

4) орталық және жергілікті мемлекеттік басқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, Ұлттық палата жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына қоғамның түрлі тіршілік әрекеті салаларында ұсыныстар дайындау және көмек көрсетуге бағытталған өзгеде іс-шараларды қабылдау арқылы жәрдемдесу:

  • кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында жұмылдыру;
  • кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру;
  • ресурстарды бөлу және инфрақұрылымға қол жеткізу механизмдерін жетілдіру;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер

Кеңес құрамына ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, ҚР Бас прокурорының орынбасары, ҚР Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық қайраткерлер, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді.

Серіктестер