astana-view

EXPO-2017

Халықаралық көрмедегі қазақстандық бизнес 

Көрме өткізуде «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастық жайында

«Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары 20 қаңтарда әлеуметтік келісімге қол қойған. Оның аясында Астанада өтетін халықаралық көрмеге отандық бизнесті өткізуге қатыстыру мен дайындауға ықылас білдірілген.

Бірлескен күш көрмеде қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесін арттырып, өңірлердегі шағын және орта бизнесі қатыстыруға бағытталған.

«Бұл көрме отандық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған нағыз ұлттық жобаға айналды. Жоба жұмыс орнын сақтап қана қоймай, 50 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қарқынды кезде алаңда 14 мың құрылысшы мен 500-ден аса техника бірлігі қамтылды. Жалпы құрылыс нысанын салуға 366 отандық тауар өндірушілер қатыстырылып, 52,5 млрд теңге сомасына келісімшарт жасалды», – деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов.

Ұлттық компанияның басшысы бюджет есебінен құрылыс жүргізу 302 млрд теңгеге азайғанын айтты.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев көрме бизнес үшін үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті.

Ұлттық палата мен «Астана ЭКСПО-2017» бірнеше бағыт бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуді бастаған.

Бүгінде отандық тауар өндірушілер үшін 50 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған және бұл жұмыс әлі де жалғасады.

«EXPO уақытында Астанаға сырттан көп адам келеді, әрине бұл Елорда бизнесіне, яғни қонақ үй, мейрамхана, түрлі сауықтық орталықтар мен қызмет көрсетулер орындары үшін үлкен мүмкіндік. Шет елден келетін туристер саны да артады, – деді Тимур Құлыбаев, – Сондықтан бизнестің алдында EXPO көрмесін абыроймен атқару міндеті тұр.

«Астана ЕХРО-2017» мен «Атамекен» басшылары бірауыздан жасалған келісім тек қағаз жүзінде қалмай, іске асырылу керек деген ұйғарымға келді.

 

 

«АҚБӨБЕКТЕН» – ЭКСПОҒА
3 Шілде
2017
Ақтөбе облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер