«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Жобалық алқа туралы

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу жөнінде жобалық алқа жұмысын бастады. Алқа Елбасының 2018 жыл 5 қазандағы  «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға  мониторинг жүргізу және сүйемелдеуді іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жыл 11 желтоқсандағы № 820 Қаулысымен бекітілген Басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын басым жобаларын қолжетімді несиелеу мәселесін шешу үшін 600 миллиард теңгеден кем емес мөлшерде теңгенің ұзақ мерзімді өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған алқалық орган.

 Жалпы Бағдарлама 2025 жылға дейін тауардың 365 түрі бойынша өндірісті 2,4 есеге ұлғайтуға, сонымен қатар импорттың үлесін 37%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

Алқа жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, «Бәйтерек» ҰХБ» АҰ өкілдері жұмылдырылған.

Облыс деңгейінде алқа Өңірлік кәіпкерлер палаталары жанынан жұмыс істеуде. Алқа жұмысына әкімдіктер, банктер, «Даму» қорының филиалдарының өкілдері кіреді. Жиындар апта сайын жүргізіледі.

Серіктестер