astana-view

Қазақстанның туристік әлеуеті насихатталады

2016 жылғы 07 Қараша
4466 просмотров

Қазақстан 11-13 қараша күндері Шанхай қаласында өтетін International Travel Mart 2016 (CITM 2016) Халықаралық туристік көрмесіне атсалысады

Қазақстан бұл іс-шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанның Ішкі сауда палатасының, Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Туризм индустриясы департаментінің ұйымдастыруымен қатысады.

Қазақстандық делегация ұлттық келбеттегі таныстырылым ұйымдастыруды жоспарлар отыр. Оның аясында туризм саласындағы отандық компаниялар қонақтарға еліміздегі туристік қызмет түрлерін және «Astana EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің әлеуетін таныстырады.

Естеріңізге сала кетейік, CITM – жыл сайын Қытайдың Шанхай және Куньмин қалаларында кезекпен өтетін Азияның ірі кәсіби туристік көрмесі болып табылады.

Көрме ұйымдастырушылары қатарында ҚХР Ұлттық туризм басқармасы, ҚХР азаматтық авиация басқармасы және Юньнань провинциясының Халық үкіметі бар.

Биылғы көрме Шанхай қаласында орналасқан, аумағы 50 000 шаршы метрді құрайтын Shanghai New International Expo Centre көрме орталығында өтпек. Онда 2 400-ге жуық стенд көрсетілмек.

CITM 2016 көрмесіне мемлекеттік органдар, туризм қауымдастықтары, туристік компаниялар, әуе компаниялары, шипажай кешендері, көрме орталықтары мен БАҚ өкілдері қатысады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер