astana-view

6 желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен бірқатар іс-шара өтеді

2016 жылғы 02 Желтоқсан
4866 просмотров

Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауар» республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2016» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі мен Индустрияландыру күні аясындағы Жалпыұлттық телекөпір өтеді. 

Қалыптасқан дәстүр бойынша, телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, индустриялдық және инфрақұрылымдық жобалардың тұсауы кесілетін болады. 

Шараға мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар басшылары, әкімдер, ҚР Парламенті депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар басшылары, өткен жылдар жүлдегерлері, 2016 жылғы жеңімпаздар қатысады деп күтілуде.  

Өткізілетін уақыты мен орны: 2016 жылдың 6 желтоқсаны, басталуы 11-00-де, Астана қаласы, Қазмедиа орталығы.

БАҚ өкілдеріне міндетті түрде тіркелу керек.

2016 жылдың 3 желтоқсаны сағат 09.00-ге дейін тіркеуден өтуді сұраймыз!

Қосымша бетте деректерді толтыруға қажет кесте бар.

Шараға тіркелу жөнінде «Атамекен» ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаментіне хабарласу қажет: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер