astana-view

Санитарлық талаптар бизнестің дамуына кедергі келтіреді ме?

2017 жылғы 18 Қаңтар
2583 просмотров

Қоғамдық тамақтану саласындағы әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қатерлерін қалай азайтуға болады? Неге кейбір кезде қойылатын талаптар қисынсыз әрі заңсыз болып келеді?

Бұл мәселе, Бас прокуратурада өтетін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында басты тақырып ретінде қаралады.

Бас прокуратураның 1-ші департамент басшысы Марат Сексембаев «Санитарлық ережелер мен баптарды қолдану барысында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шаралары туралы» баяндама жасайды.

Сонымен қатар, аталған жайт жөнінде, «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміров ой қозғайды.

Өткізілетін уақыты мен орны: 2017 жылдың 19 қаңтары, сағ. 15.00, Астана қаласы, Мәңгілік ел (бұрынғы Орынбор) даңғылы 14, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ғимараты, мәжіліс залы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер