astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында электр қуатын нарығын енгізу мәселесі және жылыжайлық газ шығарылымына квота бөлу ережесі талқыланды

2017 жылғы 19 Қаңтар
7618 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті мен Энергетика комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Күнтәртібінде ­– электр қуаты нарығын енгізу мәселесі, сонымен қатар Белгіленген мөлшер резерві мен жылыжайлық газдар шығарындыларына квоталар бөлудің Ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы мәселелер.

Сарапшылар атап өткендей, 2019 жылдан бастап халықаралық талаптар мен стандарттарға сай келмейтін қуат нарығы үлгісін енгізу ең алдымен Тау-кен және металлургия кешені кәсіпорнының жұмыс істеуіне және бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсерін тигізеді,  себебі олардың өнімдері энергия көп жұмсалады және электр қуаты шығындары өнімнің өзіндік құнына айтарлықтай салмақ түсіреді.

Мысалы, алюминийдің өзіндік құны 1 сағат кВт-қа 3,3 теңгеде электр қуаты шығынының мөлшері 17 %-дан астам, ферроқорытпада 35%-ға дейін.

Осыған орай, 2019 жылдан бастап қуат нарығыүлгісін енгізу Тау-кен және металлургия кешені кәсіпорны үшін қосымша қаржылай салмақ салады.

Сонымен қатар, отырыста, Белгіленген мөлшер резерві мен жылыжайлық газдар шығарындыларына квоталар бөлудің Ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Белгіленген мөлшер резерві мен жылыжайлық газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының жобасына сәйкес, республика кәсіпорындарына квота бөлуді ҚР Энергетика министрлігі ұсынған өнім бойынша салыстырмалы коэффицентке сәйкес жүзеге асыру жоспарланып отыр.   

Аталған квота бөлу тетігінің қажетті квота сөлшерін толық алмау және айыппұл санкцияларының белгіленуі салдарында, Тау-кен және металлургия кешенінің ірі кәсіпорындары үшін келеңсіз зардабын тигізеді.

Осыған орай, уақыт тығыздығын есепке ала отырып, ұсынылған салыстырмалы коэффицентті қосымша талқылау үшін аталған құжатты қабылдауды 2017 жылдың 2 тоқсанына дейін ұзарту ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер