astana-view

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН - Кәсіпкерлерге қатысты 9 мың санитарлық талап қысқартылды

2017 жылғы 19 Қаңтар
1018 просмотров

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміровтің айтуынша, екі айлық ревизия барысында 40-тан астам санитарлық ереже тексерілді. Онда 11 543 талап бар. Ревизияның нәтижесінде, тексеріс қағаздарынан ол талаптардың 80 пайызын, яғни 9 172-сін алып тастау туралы шешім шығарылды. Осылайша, тексеріс қағаздарында 2 371 талап қалды. Бұл туралы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің бүгінгі отырысында белгілі болды.

«Мәселен, тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын орындарға қатысты 207 санитарлық талап болған. Соның 158-ін, яғни 76 пайызын алып тастауға ұсыныс берілді. Атап айтқанда, балық және балық өнімдерін сақтау үшін бөлек мұздатқышты орнату сияқты талаптарды алып тастап отырмыз. Сосын өндірістік бөлмелер мен ыдыс-аяқтардың дезинфекциясын бақылауға ішкі тексерістің өзі жетіп жатыр. Ал сырттан келген тексеруші ыдыстардан қауіпті бір микрофлораны анықтаса, тиісті шараны қолдана алады. Бұдан бөлек, жануарлардан алынатын шикізаттан жасалған өнімдерді ветеринарлық куәліксіз сатуға болмайды деген талапты алып тастады. Себебі дайын өнімге ондай құжат қажет емес», — деді Өстеміров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер