astana-view

Қазақстан және Чехия: бизнес-форум

2017 жылғы 03 Ақпан
2857 просмотров

Астанада қазақстандық және чех компанияларының қатысуымен бизнес-форум өтеді.

Шараға Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы, сондай-ақ, арнайы көлік құралдары, косметика мен ветеринарлық заттар, тыңайтқыштар өндірісімен, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жеткізумен, басқа да мәселелермен айналысатын қазақстандық және чех бизнесінің өкілдері қатысады.

Бизнес-форум аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Чехия Республикасы Экономика палатасының арасында өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қою жоспарланған.

Шараның өткізілетін уақыты мен орны: 2017 жыл 6 ақпан, сағат 10:00; Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 6, Rixos President Astana Hotel, «Жерұйық» залы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер