astana-view

Астанада Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесі өтеді

2017 жылғы 25 Сәуір
4741 просмотров

«Атамекен» ҰКП Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесі өтеді

Кеңеске Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің француздық тараптан Кеңестің тең төрағасы, «Total Foundation» Президенті  Ив-Луи Даррикаррер мен қазақстандық тараптан Кеңестің тең төрағасы, «VISOR Capital» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов қатысады.

Кездесуде екі ел арасындағы іскерлік байланыс мәселесі талқыланады. Француздық компаниялар құрылыс, инжиниринг, мұнай-газ өнеркәсібі, өнеркәсіптік клапан мен фитингтер шығару, көлік және жабдық, қауіпсіздік, консаллтинг мен банктік сала  бағытында өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр.

Өтетін орны мен уақыты: 26 сәуір, 2017 жыл, сағат: 11-00, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 15. «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйі, «Garden» залы.

БАҚ өкілдері 25 сәуір, сағат 20-00-ге дейін тіркелуі міндетті

«Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер