astana-view

Қазақстанда бүкіләлемдік Blockchain Conference өтеді

2017 жылғы 31 Мамыр
6104 просмотров

2017 жылдың 14-15 маусым күндері Астанада Blockchain Conference Astana конференциясы болады

Конференцияда блокчейн-индустрия өкілдері дүние жүзінен бас қосып, мемлекеттік, қаржылық және энергетикалық ортада технологияны енгізу тәжірибелерімен бөліседі.

Blockchain Conference Astana деген не?
  • Blockchain – Қазақстандағы ең ауқымды шара;
  • Әлемнің 20 спикері, 10 сағат бірегей білім мен нетворкинг;
  • Қаржылық технология, e-gov пен энергетиканың сұраныстағы блокчейн-жобаларының таныстырылымы;
  • Microsoft, IBM, Deloitte, KPMG блокчейн қолдану тәжірибесі және т.б.;
  • Конференцияға цифрлық және ақпараттық технологияны дамыту мен енгізуге жауапты Қазақстанның мемлекеттік органы өкілдерінің қатысуы;

Конференция бағдарламасында бір күн конференция, пікір-талас алаңы, көрме аймағы, сонымен қатар спикерлер мен конференция қонақтарына арналған кешкі ас қарастырылған.

Конференцияның тақырыптары:

  • Қазақстан — FinTech инновация үшін шексіз мүмкіндік
  • Қаржылық әлемдегі блокчейн
  • Қауіпсіз төлем шешімдерін жасау
  • e-gov, e-voting үшін блокчейн
  • Заңнама және реттеу
  • Барлығын қамтитын технология: real-cases үздіктер
  • Блокчейн в энергетическом секторе

Конференцияның екінші күні, 2017 жылдың 15 маусымында әлемнің 200-ден астам елінің экспозициясы қойылған Expo2017 Future Energy бірегей кешеніне саяхат жасалады.

Blockchain Conference Astana жиынына қатысушылардың қатарында дүние жүзінің банк пен қаржы секторының өкілдері, қаржылық қызмет  көрсету, энергетика, мұнай-газ компанияларының иелері, save-energy, сондай-ақ, мемлекеттік интитуттың өкілдері болады.

Blockchain Conference Astana 2017 жылдың 14-15 маусымында Diplomat Hotel & Business Center өтеді

Blockchain Conference Astana жаңалықтарынан хабардар болу үшін bconference.kz сайтындағы ақпаратпен танысып, хат таратылымына жазылыңыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер