astana-view

Айдос Сарым: "Барлық түйткілдердің себебі – сыбайлас жемқорлық!"

2015 жылғы 13 Шілде
9016 просмотров

«Адем» сауда орталығында орын алған өрт нәтижесінде алматылық кәсіпкерлерге келтірілген залал сомасы қаншаға есептеледі? Оқиғаға кім жауапты? Сауда орны өртеніп кеткен бизнесмендерге қандай көмек көрсетіледі және оны кім көрсетуі мүмкін? Тергеу неліктен созылып кетті? Мұндай төтенше жағдайлар қайталанбау үшін қандай шара қолдану керек

Бұл жолы Алматы қаласында өткен «Атамекен» пікірталас клубының кезекті отырысындағы қызу пікірталасқа осы және басқа да мәселелер өзек болды.  

Мемлекеттік органдар өкілдері, саясаттанушылар, экономистер, қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, залал шеккен жалгерлер аталмыш түйткілді талқылай отырып, қалыптасқан жағдайдан шығар жол іздеді.

Шынымен де жағдай мәз емес. ТЖ орын алғаннан бері екі ай өтті (!), ал көптеген мәселелер әлі күнге дейін түсініксіз және шешімін таппай отыр.   

Саясаттанушы, пікірталас модераторы Эдуард Полетаевтың ойынша, аталмыш түйткіл айрықша алматылық сипат алмайтындықтан, құзырлы органдар үшін де, басқа да кәсіпкерлер үшін де сабақ болуға тиіс.

«Әрбір ірі қалада заманауи сауда орталықтары бар және олардың барлығы өрт қауіпсіздігіне сәйкес келе бермейді. Аталмыш ТЖ көптеген кәсіпкерлерді ойға қалдырады: егер өздерінде осындай оқиға орын алса, не болар еді, сонда не істеуге тиіс? Бұл дегеніміз, болашақта орын алуы мүмкін көріністердің алдын алу үшін, нұсқаулықтар дайындау қажет”, - деп Эдуард Полетаев өз ойымен бөлісті.

Қазіргі міндет – зардап шеккендер залалын айқындау және оқиғаға жауаптыларды табу.

Өрт 1685 бутикті жойып жіберген екен, 1125 кәсіпкер зардап шеккен, және де олардың көпшілігінің банктерде кредиттері бар. Есептеулер бойынша, «Адем» сатушы-жалгерлері мен қосалқы жалгерлеріне келтірілген залал 240 миллион доллардан астам соманы құрап отыр.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов айтып өткендей, кәсіпкерлермен кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілген, 668 жазбаша өтініш жиналған, мемлекеттік органдар мен сауда орталығы әкімшілігімен кездесулер өткізілген. 19 мамырдан бері штабтың 8 отырысы өткізілген. Аталмыш отырыстар әр аптаның жұма күндері өткізіліп тұрады.

Алайда бар мәселе штаб отырыстарына қалалық ІІД өкілдерінің келмейтіндігінде болып отыр, ал түсінік беруді сұраған өтінішімізге тергеу құпиясын желеу етеді. Қадағалау органының жағдайға қалай да әсерін тигізіп, полицияның отырысқа қатысуын қамтамасыз ету үшін, штабтың прокуратураға жүгінуі де көмектеспеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматы қаласы мен ІІД бұрындары жасасқан ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум шарттарын сақтамай отырған болып шықты.

Юрий Тілеумұратов хабарлағандай, қазірде зардап шеккен кәсіпкерлер кредиттерін оңтайландыру жөнінен 16 банкпен келісуге қол жеткізілді.

“Қазіргі сәтте кәсіпкерлердің 166 жазбаша өтініші қолымызда, олардың жалпы қарыз сомасы жарты миллиард теңгеден сәл асады. Зардап шеккендердің кредиттерін төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы 16 екінші деңгейдегі банкпен келістік. Тағы бірнеше банктің мәселелері қалып отыр. Оның үстіне, салық органдарымен салық төлемдерін уақытында төлемегені үшін айыппұл шараларын қолданбау туралы төлемдер мерзімін ұзарту жұмыстарын жасадық. Қаланың Мемлекеттік табыс департаменті кәсіпкерлерге консультациялық көмек көрсетті ”, - деп бөлісті Алматы қаласы ӨКП басшысы.

Дей тұрғанмен, “Атамекен” ҰКП Сауда комитеті Хатшысы Жібек Әжібаева ескеріп өткендей, 2012 жылдан бері республика базарларында орын алған өрт оқиғалары бойынша бірде-бір жауап бермеген ҚР Ішкі істер министрлігі де жабық болып табылады.

“ҚР ТЖМ деректеріне сүйенсек, 2013 жылы республика бойынша осындай 19 өрт оқиғасы орын алған, ал 2014 жылы - 44. Базарлар 1990 жылдардан бері бар, және де сол кезден бері ерекше өзгерістер болмаған. Өртену саны неліктен ұлғайғанына құқықтық баға беруге тиіспіз. Бұның неліктен орын алып жатқанына барабар жауапты республика ІІМ тарапынан көріп отырған жоқпыз. Мысалы, Алматыдағы «Құлагер» базары өртенді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің немен аяқталғаны, кім кінәлі, айыптылар жазасын тартты ма, және де кәсіпкерлердің неге сүйене алатыны бүгінгі күнге дейін түсініксіз. Дәл осылай Шымкентте “Бекжан” базары өртелді. Сараптау мұны ресми түрде анықтады. Одан бері 2 жылдан астам уақыт өтіп кетті, кімнің жазаланғаны, 70 адамнан тұратын тергеу-криминалистикалық топ немен айналысты, әлі күнге дейін түсініксіз. Бұл аса салмақты мәселе”, - деп мәлімдеді Жібек Әжібаева.

Ол сонымен қатар әр өрт оқиғасында бар мүліктің бірге өртеніп кетпейтінін, және де оның тағдыры белгісіз болып қалатынына назар аударды.

“Қазақстанда орын алатын барлық өрт оқиғаларында түк қалмай өртеніп кететін жағдай сирек кездеседі. Кәсіпкерлер өз мүліктерін алып кете алар еді. Мүмкін, ол бір жерге кетіп қалған шығар. ІІД осы ақпаратты неге бермейтінін білгіміз келеді. Сауда комитеті де осы мәселелер бойынша жиналыс өткізді, өкінішке орай, Ішкі істер министрлігінің ұстанымы Алматы ІІД ұстанымынан алшақ кетпейді: олар келген жоқ және ешқандай ақпарат бермеді. Енді осы мәселені тағы көтеруге мәжбүр болып отырмыз. 6 қыркүйекте Бас прокуратурада кезекті отырыс өткізіледі. Сонда «Адем» сауда орталығы және 2012 жылдан бергі өрт оқиғаларында зардап шеккендер түйткілдеріне қатысты мәселені күн тәртібіне шығаруға тырысамыз”, - деп атады Жібек Әжібаева.  

Сонымен қатар, оның айтуынша, сақтандыру компаниялары үшінші тұлғалар мүддесіне қатысты заңды тұлғалармен жұмыс жасағылары келмейді де, осыдан келіп, кәсіпкерлер мұндай жағдайларда қорғаусыз қалады.

Саясаттанушы Айдос Сарым барлық аталған түйткілдердің себебі елде етек жайған сыбайлас жемқорлық деп есептейді. “Сыбайлас жемқорлықтың көлемді шеңбері сөз болып отыр. Егер бұл жағдайдан шығатын жүйелік жол табылмаса, ештеңе де өзгермейді. Заңдастырудан бастау керек – тақырға отырады да, бәрін жаңадан бастайды”, - деген сенімде саясаттанушы.

Оның әріптесі Мағбат Спанов өз кезегінде аталмыш мәселенің саясиландырылғаны жайлы мәлімдеді.

“Бұл мәселе қатты саясиландырылған, себебі мемлекет адамдардың, кәсіпкерлердің түйткілдерін шешпейді. Және де әлеуметтену жағдайын ескере отырсақ, бұл жағдай тереңдей береді. Аталмыш түйткілді күш біріктіре отырып шешкеннің орнына ұғымдарды әдейі айырбастап жіберу және т.б. жүріп жатыр. Мені толғандыратыны – шенеуніктердің кәсіпкерлерге деген қатынасы, - деді Мағбат Спанов. – Ертең біреу айтады: сотта әділдік жоқ, менің түйткілімді шешетін және мәселені орталық басшысымен жекеше шешетін адамды ынталандырамын – оны өлтіре салады. Ал ІІД мен прокуратураның бұғып отырғаны – дұрыс емес. Адамдармен сөйлесе білу керек және істің қалай жүріп жатқанын, не болып жатқанын түсіндіру керек, әйтпесе адамдар өз түйткілдерін басқа жолдармен шешетін болады. Осы адамдарды рухани жағынан қолдай алатын секталар елімізде толып жатыр”, - деп мәлімдеді саясаттанушы.  

Әңгіме қайтадан кәсіпкерлерге келтірілген залал құнына келіп тірелді. Сарапшы Денис Кривошеев айтып өткендей, бұл жағдайда жауаптан гөрі, сұрақ көп.

«1300 адамның өтінім бергеніне қарай есептесек, бір адамнан 800 мың теңге орташа құнын аламыз. «Адем» СҮ 800  мыңға тауар бутиктері (онда бәріміз де болғанбыз) тым аз екенін түсінеміз. Егер тіпті санасақ та, ойша есептесек те, 800 мың теңге, шартты түрде айтсақ, 1300 зардап шегуші, сонда бір миллиардтан теңгеден астам залал шығып отыр. Бұл өтірік, себебі, менің есептеуімше, бутикте орташа алғанда шамамен 100 мың доллардың тауары болды. Залал құны туралы нақты түсінігіміз жоқ. Сауда жасаған адамдарға ең құрымаса мемлекеттік амнистия жасау керек шығар. Ең құрымаса, олардың қанша залал көргенін, сауда нарығының қаншалықты отырып қалатынын түсінейік, - деді ол. – Қазір залалдың қаншалықты болғанын түсінуіміз қажет, себебі 240 миллион теңге жайлы айтсақ, ешкім де назар айдармайды. Тым болмаса 100 миллион доллар құнын алған бетте, жағдайдың шын мәнісін бірден көреміз. Мемлекет бизнес шығынына назар аударуға мәжбүр болады». 

Бар түйткіл осында болып отыр. Осыған орай Денис Кривошеев кәсіпкерлерді, тіпті арасында «сұрқай» импорт әкелуге тура келген кездер болса да, нақты соманы атауға үндеді.

«Бір таныстарым жарты миллион доллар шығын шегіп отыр. Бірақ олар көлеңкелі секторда жұмыс жасайтындарын түсінеді. Кәсіпкерлер айтарлықтай шығынға ұшыраған ішік бутиктері де баршылық», - деді ол.

Кәсіпкерлердің маңдай терімен тапқан ақшасын қайтаруға мүмкіндігі қаншалықты көп? Зардап шеккен бизнесмендер адвокаты Василий Резван сотқа жүгіну арқылы бұл қаражатты қайтып алуға болады және ғимараты жоғары қауіпті нысан болып отырған құрылтайшыдан, сауда үйінің иесінен сұралу керек деп есептейді. 

«Егер бұл жағдайда СО иесі өрт аудитін жүргізбеген болса, сақтандыру үшін жағдай жасамаса, онда ШОБ өкілдері үшін басты сақтандырушы сол болып табылады», - деп түсіндірді адвокат.

Эдуард Полетаев атап өткендей, “барлық түйткілді бір деммен шешіп тастау мүмкін емес”, сонымен бірге бұл туралы құзырлы органдарға жеткізілетініне сендірді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Эльдар Жұмағазиев пікірталас клубының отырысы жұмысын қорытындылай отырып, бұрынғы тәжірибенің ештеңеге үйретпегенін, жағдаят қайта-қайта қайталана беретінін, сауда үйлері мен базарларда жиілеп кеткен өрт оқиғалары тенденциясының алаңдататпай қоймайтынын атады. Оның ойынша, "Адем – жеке оқиға ретінде жүйелік түйткілдер көрінісі".

«Бірінші – бұл кері байланыстың жоқтығы. Бұл мәселені қалай шешу керек? Белгілі бір шаралар ұсынатын боламын, бәлкім, тергеу барысы жайлы ақпарат алып тұруымыз үшін, ІІМ мен ҰКП арасында қандай бір алаң құрармыз”, - деді Эльдар Жұмағазиев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер тәуекелдерін сақтандыру мәселесін де пысықтау қажет. «Сұрқай» импорттың болуы бизнесмендерге келтірілген нақты зиянды бағалауға мүмкіндік бермейді, бірақ бұл сандардың артында кәсіпкерлердің, олардың отбасыларының тағдырлары тұрғандықтан, бұл жұмысты қалай да жүргізу қажет, деп есептейді ҰКП басшысының кеңесшісі.

Екі тарап та кәсіпкерлерге жататындықтан, ҰКП жалгерлердің де, сауда үйлері иелерінің де мүддесін ұсынуға тиіс екенін атап өте отырып, ол Палатаның аталмыш мәселені шешуде объективтілік танытуға тырысатынын баса көрсеті.

Эльдар Жұмағазиев сонымен қатар «Адем» СҮ түйткілдері жөніндегі жедел штабты күшейтуді және оның құрамына ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасарларын да кіргізуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер