astana-view

Қазақстанның үздік тауары: Сапа – даму критерийі

2015 жылғы 28 Тамыз
7900 просмотров

Батыс Қазақстан облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

Батыс Қазақстан облысынан 23 кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары-2015» Өңірлік көрме-байқауына қатысты. Биыл өңірдегі ірі және орта кәсіпорындармен бірге жеке кәсіпкерлер де өздерінің үздік өнімдерін ұсынды. «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС, «Стекло-Сервис» ЖШС, «Родник» Фирмасы» ЖШС, «Агропродукт LTD» ЖШС сияқты өңірдегі көптеген кәсіпорындар байқауға бірінші жыл қатысып отырған жоқ. Өнімін байқауға алғаш рет ұсынған кәсіпорындар да баршылық, мысалы, «Наноблок» ЖШС және «Орал трансформатор зауыты» ЖШС.

Байқауға қатысушылардың барлығы олардың тоғызының ғана диплом алатынын білгенмен, көңіл-күйлері жоғары болды. Өйткені Байқауға қатысушылар үшін бастысы өнімнің сапалы, бәсекеге қабілетті екенін әрі Қазақстанның көршілес өңірлері мен Ресей Федерациясындағы осындай тауарлардан кем түспейтінін көрсету болды.

Байқау қатысушылары үшін бағалау критерийі болып табылатын ең басты көрсеткіш — сапаны барлығы бірдей көрсете алды. Дегенмен кез-келген байқауда үздіктердің үздігі ғана таңдалады. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында марапатталған кәсіпорындар: пенопласттан құрылыс материалдарын өндіретін «АрАи» ЖШС - III дәрежелі диплом, ІІ дәрежелі диплом — шыны пакеттер дайындау жөніндегі заманауи өндіріс «Стекло-Сервис» ЖШС. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында темір бетонды конструкциялар өндіретін «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында III және II дәрежелі дипломдарға «Наноблок» ЖШС мен «Алтим-Стройдеталь» ЖШС ие болды, ал жеңімпаз профильдік табақтар, газ, су және кәсір жүйесіне арналған полиэтилен, полипропилен құбырлар шығаруға маманданған кәсіпорын «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС атанды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында сегіз кәсіпорын марапат алуға үмітті болды. Жеңімпаз «Агропродукт ЛТД» ЖШС атанса, III және II дәрежелі дипломдарды «Нұржанар» АҚ мен «Родник» Фирмасы» ЖШС иеленді.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысушыларды осындай айтулы оқиғамен құттықтап, өңірлік байқау жеңімпаздарына Байқаудың республикалық кезеңінде табысқа жетуді тіледі.

Ереже бойынша, өңірлік байқау жеңімпаздары жыл соңында Астанада өтетін Президенттік «Қазақстанның үздік тауары» Көрме-байқауының республикалық кезеңінде күресті жалғастыратын болады. Бірақ өңірлік кезең жеңімпаздары да Байқау эмблемасын төрт жыл бойы жарнама мақсатында қолдана алады.

Алайда Байқаудың барлық қатысушылары үшін басты сыйлық — бұл облыс халқының өнімдерін мойындауы. Байқауға қатысушылардың бірі – Тасқала ауданынан келген жеке кәсіпкер Сейітқали Шутанов айтып кеткендей: «Өнімге сұраныс (табиғи материалдардан жасалған түрлі аяқ киімдер) бар, ал байқаудан кейін бұдан да көп болатын шығар. Өнім көпшіліктің көңілінен шықты».

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының басты мақсаты да осы – өңірлік деңгейде де лайықты өнім өндірілетінін көрсету, нарықты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлармен молықтыруға жәрдемдесу, отандық тауар өндірушілерді импортпен бәсекелестік күресіне тарту.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер