astana-view

Алтын сапа: Жеңіп шығамыз!

2015 жылғы 09 Қазан
- Қостанай облысы
8019 просмотров

Қостанай облысының үш кәсіпорны ҚР Президентінің Сыйлығын алуға «Алтын сапа» республикалық байқауына қатысады.

Олар – болат арматура өндіретін зауыт - «ЕвразКаспианСталь» ЖШС, өңірдегі ірі агроөнеркәсіп бірлестіктерінің бірі - «Диевская» агрофирмасы» ЖШС, сонымен қатар «Аруана 2010» ұн тарту кәсіпорны.

«ЕвразКаспианСталь» «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында, қалған екеуі «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында жеңістен үміткер.

«Байқауға қатысу - бұл, ең алдымен, бедел. Орамаға қоюға болатын жеңімпаз логотипі сатып алушы елемей қоймайтын әрі сеніммен қарайтын тамаша жарнама құралы болып табылады. Әрине, жеңетінімізге сенеміз. Былтырғы жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңінде екінші орын, республикалықта үшінші орын алған едік. Ол кезде біздің ұнымыз үздік тұтынушылық тауар болып танылған еді», - деп бөлісті жоспарларымен «Диевская» агрофирмасы» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы Марина Скиба.

Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын өнім немесе қызметтер сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қол жеткен айтарлықтай нәтижелер үшін, сонымен қатар сапаны басқарудың жоғары тиімділікті әдістерін енгізгені үшін беріледі.

Биыл байқауды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырады. Комиссия «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша қатысушылар материалдарын алдын-ала бағалап қойды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміткерлерден келген 61 материал қалды.

Жалпы, сыйлық үш номинация бойынша беріледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын». Әрбір номинация бойынша марапат шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне табысталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер