astana-view

ТАМЫЗ: ҰКП «Кәсіптік білім беру туралы» заң жобасының тұжырымдамасын дайындайды

2015 жылғы 31 Желтоқсан
7392 просмотров

Аталмыш мәселені 2018 жылға дейінгі ҰКП Даму стратегиясы мен Ұлттық баяндамаға қосу ұсынылуда.

ҰКП заң жобасын дайындау жұмысына кірісіп кетті. Дайындаушылардың айтуынша, құжат халықаралық тәжірибеге негізделмекші.

Ұлттық палатадан жұмыс тобына білім беру саласындағы тәжірибелі мамандар енді. Сонымен қатар салалық қауымдастықтар, білім және ғылым, экономика, әлеуметтік даму министрліктерінің де өкілдері ынтымақтастыққа шақырылуда.

Жоғары оқу орындарындағы бақылау кеңестері мысалында колледждер жанынан жұмыс берушілердің арнайы кеңестерін құру ұсынылды. Мұндай кеңестер нақты бір колледждегі білім беру стратегиясын дайындай алады. Оның үстіне, жұмыс тобына қатысушылардың ойынша, кәсіптік-техникалық білім беру саласында сертификаттау жүйесін енгізуге болады – бұл құзыреттіліктің 8 деңгейі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер