astana-view

Қазақстанда жасалған: Бу қазандықтары өндірісі

2016 жылғы 16 Наурыз
14816 просмотров

1971 жылы негізі қаланған «Щучинск қазандық-механикалық зауыты» ЖШС Қазақстанда бу қазандықтарын шығаратын жалғыз өндіруші болып саналады.

Зауыт шығарған қазандықтар орталықтандырылған және дербес жылыту жүйелеріне қосылған ауылдарды, ірі тұрғын үй ғимараттары мен жеке тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге, сонымен бірге түрлі саладағы кәсіпорындарда технологиялық мақсатта пайдаланылатын булар мен ыстық суларды өндіруге арналған. 

Зауыт өз клиенттеріне жұмыстар және қызмет түрлерінің мынадай толық кешенін ұсынады: қажетті қазандықтар мен қосалқы жабдықтарды дайындау және жеткізу, монтаж жұмыстарын орындау, қазандықтарды толық іске қосу және жоғары білікті сервистік қызмет көрсету. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер