astana-view

Баршаға үлгі кәсіпорын

2016 жылғы 12 Тамыз
- Жетісу облысы
7006 просмотров

«Байсерке Агро» – Алматы облысының беткеұстар шаруашылығы

Шаруашылықты туристік нысандардың қатарына қосып, ол жаққа шетелдік туристерді бастап баруға болады, өйткені «Байсерке Агрода» шетелдік қонақтарға үздік технологиялар мен құрал-жабдықтарды, экологиялық таза азық-түліктерді ұсынып, көрсетуге мүмкіндік бар. Инновациялық шешімнің арқасында кәсіпорын қарапайым шаруашылықтан көпсалалы агроөнеркәсіптіп холдингке айналды. Материалдық-техникалық, технологиялық базасына жағынан елімізде «Байсерке Агроның» баламасы жоқ.

Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестікке «Халыққа арналған тауарлар шығарын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын табыс етуге бір ғана себеп болса керек. Сарапшылар кәсіпорынның менеждментін, сапа жүйесін және инновациялық тәсілдерін жоғары бағалады. Ірі тауар өндіруші Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танымал.

Бүгінде агрокешенде ұн тартатын өндіріс, макарон цехы, құрама жем зауыты, астық кептіргіш нысандар мен жанар-жағармай қоймасы бар. Сондай-ақ, мұнда асыл тұқымды мал өсіреді, ол үшін жем-шөп дайындалып, жоғары сапалы сүт пен ет өндіріледі. Шаруашылықта болған адам жылыжай мен құс өсіретін кешенді де байқамай қалмас еді.

«Байсерке Агро» – бизнес пен ғылым арасындағы тиімді әріптестіктің жарқын үлгісі. Базада ғылыми-өндірістік оқу орталығы орналасқан. Ол жақта кәсіпкерлер мен студенттерге арналған оқу семинарлары өткізіліп тұрады. Шаруашылыққа қазақстандық ғалымдар ашқан жаңалықтар енгізілген. Мәселен, аумақтың 500 гектарына жаңа әдіс бойынша тамшылатып суғару жүргізілген.

«Байсерке Агро» – «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» білім беру мекемесін басқаруға алған алғашқы бизнес өкілі. Компания Дуальды білім беру жол картасының белсенді серіктесі. 2014 жылдан бері аталған колледждің «Ауыл шаруашылығын механизациялау» мамандығы бойынша дуальды білім беру жүйесі енгізілген.

Сол жылы «Байсерке Агроға» келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық ЖОО-лардың оқу процесін ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру тәжірибесін қолдану қажеттігін айтқан еді.

«Барлық университтетер ғылыммен айналысулары қажет. Тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар жүрізіу үшін оларда зертханалар мен техникалық базалар құру керек. Ол кейін өндірісті ұйымдастыруға қажет болады», – деп атап өткен-ді Елбасы.

Сондықтан қазақстандық шаруаларға тәжірибе жинау үшін Еуропа мен Америкаға барудың қажеті жоқ. Бүгінде «Байсерке Агро» – агроөнеркәсіптік кешенді тиімді дамытудың, ауыл шаруашылығына заманауи ғылыми тәсілдерді енгізудің қазақстандық тәжірибесінің жарқын үлгісі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер