astana-view

Жергілікті тауарлар сапасы бағаланады

2016 жылғы 19 Тамыз
- Қызылорда облысы
8734 просмотров

20 тамызда Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді

Байқаудың мақсаты – кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс белсенділігін күшейту. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрмесі тауардың сапасын жақсарту арқылы кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңірдің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіліп отыр. Байқауға жергілікті тауар өндірушілер қатысады деп жоспарлануда.

Шараға қатысушылар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша марапатталады.

Көрме-байқау 20 тамыз күні Қызылорда қаласы Жібек жолы көшесіндегі «S’mall» сауда орталығында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер