astana-view

Үздіктер анықталатын дода

2016 жылғы 26 Тамыз
- Шымкент қаласы
8747 просмотров

27 тамыз Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Оңтүстік Қазақстан облысы үздік тауарларының «ONTUSTIK өнімдері-2016» көрме-жәрмеңкесі өтеді

Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді насихаттау.

Жәрмеңкеде Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіптеріне және құрылыс саласына қажетті тауарлардың жүздеген түрі ұсынылатын болады.

Көрмеге өңірдің 150-ден аса тауар өндірушісі (оның ішінде 60-ы облыс аудандарынан), Қазақстанның әртүрлі қалаларынан мыңнан аса қонақ қатысатын болады.

Көрме-жәрмеңкенің серіктестері – «Kazbrends» ЖШС, «Rixos Khadisha Shymkent», «Canvashotelshymkent», «Hoteldostyk», «Shymkent Grand Hotel», «Рахима плаза», «Арай де люкс» қонақ үйлері, ОҚО Іскер әйелдер кеңесі, Almaty Management University.

Аталмыш шараның аясында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы ұйымдастырылады.

Байқауға Оңтүстік Қазақстанның бизнесін енді ғана бастаған және танымал отандық тауар өндірушілер қатысады. Олардың қатарында «ВизИТ», «Бал текстиль», «Назар текстиль», «Карлскрона», «Стандарт цемент», «Ордабасы кус», «Шымкентқұс», «Барыс-2007», «Golden Nomad», «KazKioti», «Еврокристалл», «Казмедприбор» және тағы басқалары бар. Өзін-өзі танытуға ірі компаниялармен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері де қатыса алады.

Байқауға алғаш рет қатысып отырған 15-ке тарта жаңа компания бар. Олар  «Амфа Глобал» (дәрілік препараттар), «Экопак» (гофрокартон), «Baby Plast» (ойыншықтар), «Софи» (аяқ киім), «Немир» (ламинат), «Фернишинг классик» (жиһаз), «ГЛЗ» (сүт ірімшіктері), «Forteks-kz» (кальций) және т.б.

Сарапшы комиссия мүшелері тауар үлгілерін қарап шығып, байқау дипломанттарын үш аталым бойынша таңдамақ:

  • «Халық тұтынатын үздік тауарлар» 
  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» 
  •  «Үздік азық-түлік тауарлары» 
  • және басқа да аталымдар

Байқауға қатысушыларға қойылатын басты талаптар өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілік болып отыр. Одан бөлек, көрмеге келушілер «Халық таңдауы», «Жыл жаңалығы», «Жыл үздігі», «Әлеуметтік маңызы бар стартап» сынды өңірлік аталымдар бойынша үздік компанияны өздері дауысқа салып анықтайтын болады.

Шара аясында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысады. Сондай-ақ, «ОҚО тауар өндірушілер каталогы» атты кезекті жинақтың таныстырылымы өтпек. 250-ден аса оңтүстікқазақстандық компания енген жинақты ОҚО Кәсіпкерлер палатасы байқау қарсаңында арнайы шығарған.

Көрмеде ойын-сауық бағдарламалары, шеберлік сағаттары, лотерея ойындары ұйымдастырылып, келушілерге құнды сыйлықтар  табыс етіледі деп күтілуде.

Көрме-байқау Нұрсат ықшам ауданы, Астана д-лы, 12, «Көрме» орталығында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер