astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдаймыз: «KATSA» ЖШС

2016 жылғы 19 Қазан
6352 просмотров

«Үздік өндірістік тауар» аталымы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының үшінші дәрежелі дипломанты

«KATSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы құрылған.

Кәсіпорынның өндіріс аумағына Амангелді кен орны, уатып-сұрыптағыш телімі, асфальбетон зауыты, жол-құрылыс алаңы кіреді. Асфальт-бетондау үшін қиыршақтас пен құм араласқан қоспа өндіреді. Өнім сапалы болғандықтан, жоғары сұранысқа ие. Оған өнімді жеткізу және жөнелтуге арналған келісімшарттар санының көп болуы дәлел бола алады. ИСО стандарттары бойынша сертификат кәсіпорын жұмысы сапасын нарықта танымал ете түскен. Сондай-ақ, саладағы екі сертификатталмаған өзге компаниялардан даралануда.

«KATSA» ЖШС, құрылыс материалдарының сипаты мен мүмкіндіктерін ескере келе, Жамбыл облысындағы аталған сала бойынша жетекші кәсіпорын саналады. Кәсіпорында 85 жұмысшы қызмет етеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер