astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Шығыс-Сүт» ЖШС

2016 жылғы 28 Қазан
9555 просмотров

Аталымы: «Үздік азық-түлік тауарлары»

«Шығыс-Сүт» ЖШС 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. Басшының шеберлігі, мамандардың біліктілігі, ұжымның ынтымағы жарасқан бірлігі арқасында кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында үздіктер қатарынан саналады.

«Шығыс-Сүт» ЖШС өнеркәсіптің қайта өңдеу салалаларын инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттің бағдарлама аясында өз қызметін іске асыруда. Өскемен қаласында сүт өнімінің сапасын арттыру және көлемін молайту үшін «Өскемен сүт комбинаты» ЖШС іске қосылған. Кәсіпорында облыстың жер-жеріне, Ресей Федерациясына жеткізілетін  сүт өнімінің 60 түрі шығарылады. «Шығыс-Сүт»  ЖШС  өз өнімін көрмелерде, жәрмеңкелерде  көрсетеді,  халықаралық  байқауларға да қатысады, жыл сайын сапалы өнімі үшін дипломдармен және медальдармен марапатталады. «Шығыс-Сүт» ЖШС мамандары жаңа технология енгізіп, өнім көлемін молайтып, ағымдағы жылдың қыркүйегінде «Моцарелла» ірімшігін өндірді. Адам ағзасына емдік-профилактикалық тұрғыда әсер ететін жаңа өнімдер шығаруға ерекше көңіл бөледі. Олар «Бифилюкс», «Биокефир» қышқыл сүт өнімдері, құрамында байытқыштар мен көптеген тірі бифидобактерилер бар биоиогурттар. Тауар өндірушілермен және тұтынушылармен кәсіби қарым-қатынас  жолға қойылған. Өнім сапасының көрсеткіштері нормативтік құжаттар мен қауіпсіздік талаптарына сай.   Кәсіпорын өнім сапасы тұрақты болуы үшін шикізат жеткізуші қожалықтармен бірлесіп, сүттің сапасын жақсарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. «Шығыс-Сүт» ЖШС 3000 сауын сиырдан тұратын шаруашылықты  дамытуда: мүйізді ірі қараның санын 6000 басқа жеткізу жоспарда бар екен. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін, осы заманғы озық технология енгізілген. Мұндай заманауи қондырғы Украинка, Белокаменка ауылдарында, 1000 басқа арналып салынып жатыр. «Шығыс-Сүт» ЖШС 22 елді мекеннен сүт жинайды.

Өз еңбеккерлерін қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін өзара мүдделерді келісім негізінде жұмыс беруші және еңбеккерлер арасында қызметтік, әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік қарым-қатынастарды реттейтін ұжымдық шарт жыл сайын қабылданады. Қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер беріледі.

«Шығыс-Сүт» ЖШС еңбеккерлер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер