astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «LED Solution» ЖШС

2016 жылғы 02 Қараша
5059 просмотров

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша 1-орын

«LED Solution» ЖШС 2010 жылы Астанада құрылған.

Кәсіпорын  жарық-диодты шам шығарумен айналысады. Өндіріс қуаты жылына 60 000 шамды құрап отыр. Шам өндірісінде әлемдік нарықта өз орны бар, белгілі компаниялардың жарық-диодтары ғана қолданылады. Мұндай белгілі компаниялар арасында Samsung (Корея), Cree (АҚШ) бар.  Бұл ретте, компания өнімдердің сапасына баса назар аударады. Шығарылған өнімге 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзім көлемінде кепіл беріледі.

ЖШС тұрмыстық, кеңсе, көше, өнеркәсіп және жарнама салалары бойынша жарықтандыруда жаңа технологиялар енгізуді табысты түрде қолға алып келеді. Компания 2010 жылдан бастап энергияны үнемдейтін технологиялар мен қуаты күшті жарық диодтарын қолданады. «LED Solution» ЖШС үйлер мен кеңселерді, өнеркәсіп нысандары мен көшелерді жарықтандыруға қажет жарық-диод өнімдерінің 100-ден астам түрін шығарады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер