astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Автокран Сервис» ЖШС

2016 жылғы 09 Қараша
6629 просмотров

Павлодарда өткен «Қазақстанның үздік тауары-2016» байқауының жеңімпаздарының бірі

Негізгі өнім түрі – автокөліктерге арналған «Павлодарец» атты гидравликалық көтергіштер.

Бүгінгі таңда «Автокран сервис» ЖШС – арнаулы техника құрастыру және жеткізу бойынша Қазақстанда ірі кәсіпорындардың бірі.

Компания автокөлік крандарына, автогидравликалық көтергіштерге және өзге де жүк көтеретін көліктерге техникалық қызмет көрсетеді, жөндеу, монтаж жұмыстарын жасайды, тасымалдаумен айналысады, іске қосу-реттеу жұмыстарын іске асырады, мұнара, бағана, көпір крандары мен аспалы крандарды толық жөндеуден өткізеді.

Компания ҚР бойынша Ресейдің көшбасшы зауыттарының жүк көтеру крандарын өндіру саласында сауда өкілі әрі ресми қызмет көрсету мәртебесіне ие, бұл автокрандарды өндіруші зауыт бағасымен әкеліп нарыққа шығаруға мүмкіндік тудырып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер